Астанада және еліміздің сегіз облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды «Қазавтожол» РМК. Астанада сағат 9-ақпанда сағат 16:15-тен бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Павлодар, Қарағанды, Қабанбай батыр» тасжолында барлық көлік түрлері үшін шектеу қойылды.
Ақмола облысында сағат 16:15-тен бастап «Екатеринбор-Алматы» (Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін, 1280-1353 км), «Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» (16-51 км. Астана-Қарағанды облысы), «Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 км, Астана-Павлодар облысының шекарасына дейін) жолдарында барлық көліктердің жүруіне тыйым салынды. Алматы облысында 6 ақпаннан бері «Үшарал-Достық» автожолында (83-184 шақырым аралығы) барлық көлік түрлерінің жолға шығуына тыйым салынды. Сол секілді Шығыс Қазақстан облысында сағат 11:00-ден бастап «Өскемен-Семей» жолында (154-198 шақырым аралығы, Шүлбі ауылынан Семей қаласына дейін) барлық көлік түрлеріне шектеу бар. Ал сағат 12:10-нан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Семей-Қайнар» жолының 8-266 шақырымы барлық көлік түрлері үшін жабық. Сағат 12:20-дан бастап республикалық маңызы бар «Алматы - Өскемен» автожолының 977-1048 шақырымындағы Қалбатау ауылынан Ұлан кентіне дейінгі бөлігінде, сағат 15:20-дан бастап «Омбы-Майқапшағай» жолының 756-900 шақырымы Семей қаласынан Қалбатау кентіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылды. Сондай-ақ «Семей-Қарауыл» (4-94 км), «Шар-Бақыршық» (8-42 км), «Воскресеновка-Петропавловка-Шелехова-Белағаш-Дмитриевка» (39-64 км), «Новопокровка-Петропавловка-Зұбайыр-Байтанант»(23-41 км), «Күршім-Қалжыр» (82-131 км), «Бурабай-Маралиха» (23-75 км), «Шүлбі кенті- Жаң Шүлбі кенті» (12-44 км), «Бородулиха-Жезкент» (0-49 км), «Семей- Ресей шекарасы» (10-41 км), «Воскресеновка-Петропавловка-Шелехова-Белағаш-Дмитриевка» (0-32 км), Троицкое ауылынан республикалық маңызы бар жолға қосылатын тұсқа шейін аралық жабық, Новотроицкое ауылына кіреберіс те (0-22км) жабық , «Семей-Долонь-Большая Владимировка-Сосновка-Қоянбай» (км. 0-184 км, Семей қаласы-Қоянбай ауылы) жолдарында барлық көліктердің жүруі шектелді. Қарағанды облысында сағат 13:00-де барлық бағыттағы көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Қарағанды облысында сағат 13:00-де барлық бағыттағы көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Павлодар облысында сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығы салдарынан (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Павлодар-Шарбақтыдан РФ шекарасына дейін» (0-111), «Қызылорда-Павлодар» жолы (1135-1206 км., Шідерті кентінен - Қарағанды облысының шекарасына дейін» барлық көліктер үшін жабылды. «Ленинский-Ақсу-Көктобе-Б.Ақжар-Курчатов» (34-215 км, Ақсу кенті-ШҚО шекарасы), сағат 16:00-ден бастап «Омбы-Майқапшағай» (398-191 км., Павлодар ауылы - РФ шекарасы), «Астана-Ерейментау-Шідерті» (205-259 км, Шідерті кенті - Ақмола облысы шекарасы) жолдарында барлық көлік тү рлерінің қозғалысы шектелді. 8 ақпаннан бастап Қостанай облысында облыстық маңызы бар «Жітіқара-Қамысты-Ливановка» (1-73 км) жолының бөлігінде көлік қозғалысына шектеу бар.Сондай-ақ, «Әулиекөл-Жолдама» (0-257 км), «Адаевка-Аралкөл» (0-110 км), «Әулиекөл-Смайловка» (0-106 км), «Әулиекөл-Ақжол» (0-100 км), «Қойбағар-Красу-Севастопольский» (0-124 км), «Павловка-Галицкое» (0-40 км), «Шақат-Восточное-Шалдай» (0-121,6 км), «Чернорец-Ольгинка-Успенка-Шарбақты» ( 0-149 км) жолдары да жабық. Солтүстік Қазақстан облысында сағат 12:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран) облыстық маңызы бар жолдарда барлық бағыт бойынша автокөліктер түрінің барлығына жабық.Оңтүстік Қазақстан облысында өңірлік деңгейдегі «Қошқар ата-Жарықбас-Бірлік» жолының 80-144 шақырымы аралығында көліктер қозғалысы шектелді.