Республиканың көптеген облыстарында қатты қар жауады, 200-500 м-ге дейін ештеңе көрінбейтін боран, 17-25м/с қатты жел тұрады.
Оңтүстік облыстарында демалыс күндері оңтүстік циклонмен байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады. Бұнда қатты қар жауады, тұман, көк тайғақ және әр жерде 18-25м/с қатты жел тұрады. Күрделі ауа райы Алматы облысының Қысқы универсиада өтіп жатқан таулы және тау маңындағы аудандарда күтілуде. Сенбі күні осы ауданда қатты қар жауып, тұман, екпінді жел күтілуде.