Ауа райы болжамы
27 қаңтарда республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз өтеді.
Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде бұрқасын болды. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23 м/с-қа күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-қа артады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде тұман болжанады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман болады. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.