Алдағы күндері республиканың басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Ресейдің еуропалық аумағынан ығысқан циклонның ықпалынан күн суытып, жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Еліміздің батысы мен орталығында тұман түседі. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысында түнде және таңертең кейбір аудандарда тұман байқалады, күндіз жел тұрады. Қарағанды облысында – тұман. Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.