Атыраудағы «әйелдер көтерілісі» аяқталды

«Атырауда әйелдер көтерілісі басталды». Естеріңізде болса, осындай тақырыппен газеттің өткен нөмірлерінің бірінде мақала шыққан болатын.

Тағы бір мәрте қысқаша шолып өтсек, Аты­раудағы су жаңа әйелдер коло­ния­сын­дағы 80 қыз-келіншек қазанның басында шу көтеріп, өздерінің адам төзгісіз жағ­дай­да өмір сүріп жатқандықтарынан хабардар етіп, жұртшылықты дүр көтерген. Бірақ ар­ты­нан мекеме басшылығы журналистерді сот­талған әйелдермен кездестірген кезде бар­лығы да бір ауыздан арыз-шағым­да­ры­нан бас тартты.
Марат ДӘУЛЕТОВ, Атырау облысы бойын­ша қылмыстық-атқару жүйесі депар­та­ментінің бастығы:
– Қазір 259 адам отырған түрмедегі жағ­дай тұрақты. Арызда айтылған де­рек­тер расталған жоқ. Сотталғандардың бізге қояр кінәлары да жоқ. Колонияда ешқандай «көтеріліс» болған жоқ. Ешкім де сотталғандарға зәбір көр­сет­пей­ді. Мұның бәрі – түрме ішінде өз тәр­тіптерін орнатқысы келген сот­та­лу­шылардың тарапынан айтылған жала. Ұйымдастырушылар да белгілі. Аты-жөндерін атамай-ақ қояйын, негізгі «бүлікшінің» саны – үшеу. Біреуі адам­дар­ды тонағаны үшін, ал екеуі ҚР ҚК-нің 259-бабы бойынша (есірткі зат­та­рын тасымалдау, тарату, сақтау) сот­­талғандар. Үшеуі де басқа жақтағы түр­мелерден келген және әр­қай­сы­сы­ның мойнында 20-дан астам құқықбұ­зу­шылық дерегі бар.

Сөйтіп, әйелдердің «кесірінен» проку­ра­тура қызметкерлерінің тексерісіне ұшы­раған Атырау облысы бойынша қыл­мыс­тық-атқару департаментінің қызметінен құзырлы орган құқықбұзушылықты анық­та­мағандықтан, бұл әңгімеге нүкте қойыл­ды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста