Атырауда тұтас ауыл құм астына кетуі мүмкін

Атырауда тұтас ауыл құм астына кетуі мүмкін

Исатай ауданының Исатай ауылын биыл бұрын-соңды болмаған құм көшкіні басып қалуы мүмкін. Ауыл аудан орталығынан 100 шақырым жерде. Үстімен теміржол өтеді. 1500 тұрғыны бар елді мекен әйгілі Нарын құмының етегінде орналасқандықтан, мұндай жағдай исатайлықтарға таңсық емес еді. Бірақ қазіргі ахуал ауыл тұрғындарын түгел алаңдатып отыр.
Себебі көшені басқан құм төбешіктерін айналып өтпесең, емін-еркін жүру мүмкін болмай қалған. Тіпті кейбір үйлер шатырына дейін құмға көмілген. Газ, су құбырлары да құм астында жатыр. Құбыр жарылса, апаттың орнын табу да оңай емес. Электр баған­дарының тоқ жүретін сымына кей жерлерде қолыңды созсаң жетіп тұр. «Көшкіннің жолын бөгеп тастау қиын, ерте ме, кеш пе, бәрібір құм басып қалады», – дейді жергілікті тұрғындар.
Қалыптасқан жағдайдан атқарушы билік орган­дары хабардар. 2008-2010 жылдары теміржолды құм көшкінінен қорғау үшін ауылдың айналасына, сегіз гектар жерге сексеуіл отырғызылған екен. Алайда жақсы бастама кейін жалғасын таппаған. Тығырықтан шығар жол сексеуіл отырғызу жұмысын қайта бастау, дегенмен сексеуілге қажетті су алатын каналды да құм басып жатыр. Бұлай жалғаса берсе, тұтас ауыл құм астына кетуі ғажап емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста