Атырауда қабаған иттің шабуылынан ер адам мен полицей жарақат алды

Атырауда қабаған иттің шабуылынан ер адам мен полицей жарақат алды

Мас атыраулықтың қабаған итінің шабуылынан екі адам жарақат алды. Оның бірі – полиция қызметкері, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 24 маусымда болған.

 «Жергілікті уақытпен түнгі сағат 01:15 шамасында 102 операторына Атырау қаласының «Авангард-2» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің біріне 1999 жылғы әйелдің кіре алмай тұрғаны жөнінде хабар түсті. Осыған байланысты патрульдік полиция батальонының жаяу қызметкерлері аталған үйдің ауласына келді. Хабар берген әйел мен танысына белгісіз ер адамның тиісіп, Стаффорд тұқымдас итін бағыттағаны анықталды. Қабаған ит 1992 жылғы ер адамның қолын тістегені анықталды. Кейін ер адам қабаған итін полиция қызметкерлеріне бағыттап, қашып кетуге оқталды. Оқиға орнына автопатрульдеу экипажының қызметкерлері көмекке келді. Полицейлер ҚР Құқық қорғау органдары туралы заңының 61-бабының 6-тармағына сәйкес арнайы құралдарды қолданып, итті залалсыздандырды. Ал, иттің иесі медициналық куәландыру қорытындысымен мас күйде болғаны дәлелденді», - делінген хабарламада.
Қабаған иттің шабуылынан патрульдік полиция батальоны қызметкерінің беті жарақаттанған. Полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Ал иттің иесі – 1991 жылғы ер адам жедел-тергеу тобына жеткізілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста