Атырауда мас ер адам қабаған итті полицейлерге айдап салған

Атырауда мас ер адам қабаған итті полицейлерге айдап салған

Әлеуметтік желіде полицейлердің қоршауында тұрған ит жетектеген ер адамның видеосы пайда болды, деп хабарлады "Ақ Жайық" порталы.

Полиция қызметкерлерінің бірі итті таяқпен қатты ұрады, видео осы жерден аяқталады. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусымға қараған түні полицияға Атырау қаласының 24 жастағы тұрғынынан "Авангард-2" шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің біріне кіре алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белгісіз азаматтың әйел мен оның 31 жастағы құрбысына стаффорд итін арандатқанын, төбет ер адамды тістеп алғанын анықтады. Содан кейін иттің иесі оқиға орнынан қашу үшін итті полицияға қарсы қолданған.

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабына ("Қызметкерлер өміріне немесе денсаулығына нақты қауіп төнген жағдайда жануарлардың шабуылынан қорғау үшін атыс қаруын және өзге де қаруды қолдануға құқығы бар") сәйкес арнайы құралдарды пайдалана отырып, ит залалсыздандырылды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабарламаға сәйкес, медициналық тексеру нәтижесінде ит иесінің мас күйде екені анықталды. Сонымен қатар патрульдік полиция батальонының қызметкері иттің қабуы салдарынан бет жарақатын алды.

Ит иесі заңды шара қолдану үшін жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста