Атырау облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
15 ақпан Атырау-Индер тас жолының 72 шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысқан.
Салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1997 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында, 1962 жылы туған жолаушы ауруханада қаза тапты.
Toyota көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Соққыдан кейін Toyota өртенген, зардап шеккендер жоқ.
Аталған дерекке қатысты аудандық ПБ-мен ҚК-тің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.