Атырау облысы ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінде Бірлік күні атап өтілді
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жаза өтеушілері 1-мамыр Қазақстан бірлігі күнін атап өтті.
Шара әнұранмен басталып, жазасын өтеушілерге бұл күннің маңызы туралы арнайы баяндама жасалды. Атап өтер жайт, елімізде жүзден астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бір атаның баласындай тату тәтті тұрып келеді. Сол бір ынтымақтастық, еліміздегі барша ұлттың тілегі мен ниетін аңғартатын бұл күннің маңызы зор. Сондықтан шара барысында мерекенің осындай артықшылығы мен ерекшелігі атап өтілді.
Жалпы мекемемізде мұндай шаралардың ешқайсысы атаусыз қалдырылған емес. Сондықтан жазасын өтеушілер де елімізде атап өтілетін мерекелерге өздерінің оң ықыласын танытып отырады. Бұл шараның да олардың ойынан шыққанын аңғардық.