«Атырау» ӘӘК Үкімет бекіткен басым қызмет түріне жатпайтын жобаларға жер телімін берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрғын үйлер, моншалар, көлік жуу орындарын, яғни инвестициялауға жататын Үкімет бекіткен басым қызмет түрлерінің тізіміне енбеген нысандарды салу үшін жер телімдерін бергені анықталды.
Осыған байланысты «Атырау» ӘКК-не ҚР-ның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды. Ол күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуы тиіс. Орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган тексеру тағайындайды.