Теміртауда ашық люктің ішіне тағы бір бүлдіршін құлап кетті. Қалалық әкімдік құдықтардың қақпақтарын үш жылда жаңаламақ. Оқиға орнында әлі де тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыдан бір апта бұрын ашық құдықтан ажал құшқан бала өлімі тіркелген болатын.
Теміртау қаласында тағы бір бүлдіршін ашық канализация құдығына түсіп кетті. Абырой болғанда, өтіп бара жатқан жаяу жүргінші құтқарып қалып, бала жапа шеккен жоқ. Маусымның 1-і Халықаралық балаларды қорғау күнінде өлім аузынан аман қалған балғынның жасы – 4-те. «Ашық құдық», ынталы топ мүшелерінің айтуынша, бала дене жарақатын алмағанымен, қатты қорқып қалған. Оқиғаны полиция қызметкерлері растап, Қарағанды облысының ІІД «Осы факті бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр» деп хабарлайды. Ал қалалық әкімшіліктің айтуынша, қаладағы коммуналдық қызметтердің барлық құдықтарының жағдайлары тексеріліп, жаңа қақпақтар орнату жоспарланып отыр. Құдықтардың барлығын толығымен ішінен жабатын полимер қақпақтарға ауыстыру үшін шамамен үш жыл уақыт керек. Коммуналдық қызметшілердің мәліметтері бойынша, қалада 8,5 мың құдық бар. 380 ашық люктер орнатылған. Естеріңізде болса, Теміртау қаласында мамырдың 24-і күні кешкі серуен кезінде екі жасар Егор Хмиль Металлургтер даңғылында орналасқан канализациялық құдыққа құлап, көз жұмған еді. Егордың анасы оның артынан құдыққа түсіп, құтқармақ болды. Бірақ онысынан түк шыққан жоқ. Баланың денесін сүңгуірлер екі тәулік өткеннен кейін фекалды сорғы стансысының тұндырғышынан тапқан болатын.
Ашық құдыққа тағы бір бала құлады
Последние статьи автора