Ел астанасының 25 жылдығына орай Ұлттық статистика бюросы елорда жайлы 25 қызықты дерек ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
1. Халық саны – 1 376 528 адам (2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша)
2. Ерлерге қарағанда әйелдер көп: 52,3% – әйелдер, 47,7% – ерлер
3. Қазақстан бойынша Астана есімді 26 адам бар
4. 25 жыл ішінде Астанада 430,1 мың бала дүниеге келді
5. 18 жасқа дейінгі балалар саны – 444,4 мың, оның 229 мыңы – ұлдар, 215 мыңы – қыздар
6. 25 жыл ішінде елордада 181 мыңнан астам неке тіркелді
7. Қартаю индексі – 15,6 (100 балаға 65 жастан асқан келетін қарттар саны)
8. Тұрғынның орташа жасы – 30,4 жас
9. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 77,3 жас
10. 25 жыл ішінде мектептер саны 116-ға өсті. 48 мектеп 164 мектепке ұлғайды.
11. ЖОО саны – 14
12. Театрлар саны – 9
13. Мұражайлар мен кітапханалар саны – 32
14. Жалпы өңірлік өнімнің республикалық көлемдегі үлесі – 10,2%
15. Тіркелген заңды тұлғалардың саны – 97 602 (2023 жылғы 1 маусымға)
16. Шағын және орта бизнес саны – 89 428 (2023 жылғы 1 маусымға)
17. Құрылыс саласындағы компаниялар саны – 18,2 мың (Республика бойынша 1-орын)
18. Экономикадағы жұмыспен қамтылған халық – 655,3 мың адам (2023 ж. 1-тоқсан)
19. Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы – 239,8 мың теңге (2022 жылғы IV тоқсандағы есеп бойынша)
20. Тұрғын үйлер саны – 29,6 мың (2022 ж.)
21. Автокөліктер саны – 334,6 мың (Республика бойынша 3-орын)
22. Интернет желісіне тіркелген абоненттер саны – 317,4 мың
23. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің саны – 685 (Республика бойынша 1-орын)
24. Қонақүй бизнесі 2022 жылы 238,5 мың шетелдікті қабылдады
25. 5 жұлдызды 6 қонақүй бар