Астанадағы аламан бәйгеде бірінші келген сәйгүліктің иесіне 4 миллион теңге берді
Елбасы кубогіне арналған жарыста Алматы облысы Қарасай ауданынан бәйгеге қосылған Мамайқара сәйгүлігі топ жарды, – деп хабарлайды 24.kz.
Шабдандоздың есімі – Байқан Асанқұлов. Ол 13 айналымда топ арасында жүріп, тек соңғы айналымда қара үзіп алға шықты. Жылқы иесіне 4 миллион теңге табысталды.
Екінші орын Әулиета өңірінен келген Сармат атты тұлпарға бұйырды. Оған да қаржылай сыйақы берілді. Үшінші және төртінші болып, мәреге Батыс Қазақстан мен Алматы облысының тұлпары келді.
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 25 миллион теңге. Жарысқа барлық өңірден 40 сәйгүлік қатысты.
24.kz.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу