Астана Қызылордаға «көше» бастады

Бүгінге дейін Қызылорда қаласының сәулеттік келбеті ешқандай талапқа сай келмейтін жабайы түрде жүргізіліп келді. Оның жөні бар. Соңғы 33 жылдың көлемінде Сырдың бас шаһарында басшылық қызметте болған атқамінерлер бас жоспар жасау дегенді мүлдем естен шығарып алыпты.

Ширек ғасырдан астам уақыт бойы шаң басқан тартпада босқа жатқан бас жоспар былтыр қайтадан жарыққа шығып, оған бүгінгі заманға сай өзгертулер енгізу мақсатында Астана қаласына жіберілген еді. Жақында Астана қаласындағы 17 министрліктің «батасын» алған бас жоспар елге жыл құсындай жаңалықты ала келді.
Еліміздегі сәулеттік үздік жобаларды жасаумен аты шығып жүрген «Қазсәулетқұрылыс» ЖШС дайындаған жобада елдің көңілінен шығатын жоспарлар жетерлік. Бір қызығы, мамандар бұл жобаны Астананың кішірейтілген жобасы сияқты дейді. Бас қаланың бет-бейнесі еліміздің өзге шаһарларында да көрініс тауып жатса, несі бар?!
Сәулет мекемесі 25 нысанның жобасын жасаған. Алайда бүгінгі қаржы дағдарысына орай оның 10 жобасы ғана мақұлданып отыр. Қалғаны алдағы уақыттың беделінде өз ретімен жүзеге асырылады. Жаңадан қабылданған бас жоспарды жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады. Оның алғашқысы 2013 жылға дейін жүргізіледі. Екінші кезең 2025 жылға дейін жоспарланған. Алғашқы жұмыстар келер жылдан басталып, дарияның арғы бетіне түрен түспекші.
Саматбек Бөкебай, «Қазсәулетқұрылыс» ЖШС директоры: 
– Еліміздің бас қаласы – Астана күннен-күнге көркейіп келеді. Біз жасаған жобада соған ұқсастықтар бар. Біз өз жобамызда Сырдария өзені үстінен өтетін жаңа көпір аумағын дамытуды көздеп отырмыз. Осы аумақтағы Мостовая көшесінде жаңадан облыстық әкімдік, қазақ-түрік лицейі, перзентхана, емхана, қаламгерлер үйі, сәулетшілер үйі, «Қазтрансгаз», «Петро Қазақстан» АҚ ғимараттары және өзге де ғимараттар салынады. Сонымен қатар қаланың сәнін келтіріп тұратын сәулет ескерткіштерін салу мәселесі де назардан тыс қалмайды. Мәселен, Қызылорда қаласында «Үшбұрышты пирамида», «Қазақ елі», «Елім-ай», «Сыр-ана» ескерткіш-монументтері бой көтереді деп отырмыз.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста