Аспанда жойқын жарылыс болды

Аспанда жойқын жарылыс болды

Жерге ірі астероидтің салыстырмалы түрде мейлінше жақын келуінен метеориттер немесе басқа да ғарыштық қал­дықтардың түсуі тағы да жиілеуі мүмкін. Ресейдің Орал өңірінде әуеде жарылып, Челябинск қаласына жойқын тол­қы­нын тигізген кешегі метеориттен соң мамандар осындай болжам айтты. Жарылған метеорит әуелі ұшқындата отырып еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінің үстінен ағып өткен. Бұл аймақтарда мамандар оның құлауы мүмкін қалдықтарын іздестіріп жатыр.
­Беймәлім нысанның әуеде жары­луы Ресейдің Челябинск, Ека­те­рин­бург, Түмен қалалары тұрғындарының зәресін ұшырды. Оқыс жары­лыстан ғимараттардың терезесі сы­нып, шатыр-қабырғалары селкілдеді, ұялы байланысқа кедергі келді. Көп ұзамай беймәлім құбылыстың метео­рит екені анықталды. Әуеде жарылған ғарыш­тық дененің екпінді толқыны Челябинск қаласының халқын есең­гі­ретіп тастады. Қалада мырыш зауы­тының шатыры құлап түсті. «Мегафон» деген байланыс операторының опти­калық кабелі үзіліп қалды. Түрлі нысандардың қақырап құлауы кезін­де 400-ден астам адам жарақат алыпты. Ауруханаға өте ауыр халде жеткізілгендер де бар. Ресейдің Орал округіндегі ірі өнеркәсіп орталығының үстінен ауған отты ұшқын жарылмас бұрын еліміздің аумағын басып өтті. Соңғы кездердегі түрлі әуе апат­та­рынан үрейленіп қалған жергілікті халық біраз дүрлігіп қалды. Беймәлім құбылысты қостанайлықтар мен ақтөбеліктер анық байқаған.
Бауыржан БӨГЕНБАЕВ, оқиға куәгері:
– Көкжиектен отты шар ұшып, оның арты будақтаған көк түтінге айналғанын байқадым. Кәдімгі құлап бара жатқан ұшаққа ұқсас көрініс болды. Тіпті ұялы теле­фо­нымның бейнекамерасына жазып үлгердім.

Осы өңірдегі мамандардың хабар­лауынша, жарқыраған шар Қос­танай облысы үстінен жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00 шама­сында көрін­ген. Метеорит немесе қалдық із қал­дыра отырып, Ресейдің Челябі облысы аумағына қарай өтті. Төтен­ше жағдайлар қызметі бұл құбылыстың салдарынан ешқандай адам зардап шеккен жоқ деп отыр. Ақтөбе облы­сының төтенше жағ­дай­лар қызметі де өздеріне ондаған тұрғынның аспаннан отты беймәлім нысан көргенін айтып хабарласқанын жеткізді.

Мамандар неғұрлым көп қо­ңы­рау шалынған Мәртөк және Қар­ғалы аудандарының аумағына із­дес­тіруші-құтқарушы жедел топтарды жі­берген. Әзірше ғарыштан түскен бел­гілер табылған жоқ. Жалынды шардың елі­міз­дің аумағынан өтіп барып жарылғаны абы­рой болған сияқты. Төтенше жағ­дай­лар министрлігі әдеттегіден жедел қи­мыл­дап, аспандағы беймәлім құбылыстың сал­дарынан жерімізде ешқандай келеңсіз жайт, атап айтқанда, қирау мен кісі өлімі болмағанын хабарлады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі:
– 2013 жылдың 15 ақпанында аспан­нан жа­­нып тұрған беймәлім нысандардың Қа­зақстанның Ресей Федерациясымен ше­ка­ралас өңірлері – Ақтөбе облысының Қар­ғалы ауданындағы Ащылысай елді мекені мен Мәртөк ауданындағы Казанка және Қа­ратоғай елді мекендері аумағына құла­ғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жер­лерге министрліктің бөлім­ше­ле­рінен, облыстық санитарлық-эпиде­мио­ло­гиялық қа­дағалау қызметінен және жер­гілікті ат­қа­рушы органдардан 26 адам мен 9 тех­ника жіберілді. Алдын ала мәлімет бо­йынша, бұл нысандар – ме­тео­рит­тер. Қа­зіргі мезгілде іздестіру жалғасып жатыр. Құрбан болғандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі:
– 2013 жылдың 15 ақпанында жергі­лікті уақыт бойынша сағат 07:00-де Түмен, Свердловск, Челябі, Қорған облыстары мен Башқұртстан Республикасы аумағында ат­мосфераның төменгі қабатында бел­сен­ділік байқалып, соның салдарынан отты жарқылдар, дыбыстық және соққылы толқындар тіркелді. Бұл құбылысқа ме­теорит жаңбыры себеп болды деп бол­жа­нып отыр. Баландино әуежайы аума­ғын­да метеориттің құлауы тіркелмеді. Бұл уа­қыт­та «Байқоңыр» ғарыш айлағынан еш­қан­дай аппарат ұшырылмады. Жүр­гі­зілген мо­ниторинг нәтижесінде Челябі облысы ау­мағында радиациялық жағдайға қа­тысты ауытқушылық анықталмады. Тө­тен­ше жағдайлар министрлігінің орта­лық бағынышты бөлімдері мен авиациясы әре­кет ету мүмкіндігіне байланысты аса жоғары дайындық жағдайына келтірілді.
Болжам бойынша метеорит Челябі об­лысы аумағындағы Шұбаркөл көліне құ­ла­ған. Ал метеорит жаңбырының таби­ға­тына келсек, мұның Американың Ұлттық ғарыш агенттігі (NASA) мамандары көптен айтқан 2012 DA14 астероидіне қатысының бар-жоғы туралы пікірлер әркелкі. Дегенмен ғалымдардың көбі Челябинскіні есеңгіреткен метеориттің әлгі астероидтің қозғалысына мүлдем қатысы жоқ деп кесіп айта алмайды. Себебі диаметрі шамамен 45 метр, салмағы шамамен 130 мың тонна болатын  астероидтің жерге шартты түрде жақындап келуі өзге ғарыштық денелердің де қозғалысын туғызуы әбден мүмкін.
Сергей ЕФИМОВ, астроном, физика-математика ғылымдарының кандидаты:
– Құлаған метеорит әлі табылған жоқ, сондықтан оны тек болжам түрінде ғана метеорит деуге болады. Ол шығыс жақтан шы­ғып, Қазақстанның солтүстігінен, Ре­сейдің Орал өңірінен өтіп барып, жа­рылған. Метеорит жарылысы адам ден­сау­лығына ешқандай әсер етпейді. Челябинск үстінде жарылыс болған кезде де радиациялық ахуалдың қалыпты екені туралы хабарлама тарады. Бұл оқиға жерге ірі астероидтің шамамен 28 мың шақырым қашықтыққа жақындап келетіні, яғни салыстырмалы түрде орбитадағы геостационарлық стансылардан да жақындай түсетін кезімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл астероид бір ғана аспан денесі емес, ұсақ қалдықтардан тұратын тұтас шоғыр болуы да мүмкін. Демек, мына метеорит сол астероидтің жақындап келе жатқанының хабаршысы деуге негіз бар. Бірақ бұл болжам ғана, 100%-дық ақи­қат емес. Мұндай құбылыстар өте сирек болады. Менің тәжірибемде қатты ды­быспен жарылып, нысандардың терезесін ша­ғып жіберген құбылыстар болған емес. Челябинскідегі құбылыс 1947 жылы болған Сихотэ-Алинь метеоритін еске са­лады. Ол кезде қираған нәрселер көп бол­ды. Метеориттің жерге түсуі міндетті емес, оның ауада түгі қалмай жарылып, бізге жетпей қалуы да мүмкін. Мысалы, Тунгус метеориті солай болған.

Метеориттердің жерге құлауы тарихта көп кездескенімен, оның адамның басына түсуі бір-ақ рет тіркелген. 1954 жылы қарашаның 30-ы күні АҚШ-тың Алабама штатында салмағы 4 келі метеорит бір үйдің шатырына тиіп, рикошетпен сыртта тұрған Анна Элизабет Ходжес есімді әйелді соғып өтті. Қолы мен жамбасынан жараланған америкалық әйел аман қалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста