Әскери-техникалық мектептің 150 тәрбиеленушісі әскери ант қабылдады
Алматыдағы 28 панфиловшы батырлар атындағы саябақта ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілерінің әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары подполковник Тимур Сымайылов жаңадан келген сарбаздарды осынау атаулы күнмен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Жас жауынгер курсы армиядағы мерзімді қызметті алмастырады. Курс аяқталысымен түлектер әскери билетке қол жеткізеді. 22 мен 27 жас аралығындағы курсанттарды атқыш, гранатаатқыш және оқшашаршы мамандығына оқытты. Республика бойынша «ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМКК-ның 15 филиалы бар.
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ақпараты бойынша өңірдегі бір айлық курсты аяқтаған, ант қабылдаған 58 адам Қарулы Күштерде, Іщкі істер министрлігінде және өзге де әлеуетті құрылымдарда қызмет жалғастыруға ниет білдірді. Қалғандары әскери-оқытылған резервті құрайды және бес жылда бір рет әскери жиындарға тартылады.
«Отанымыз сендерге жауынгерлік қаруды сеніп тапсырып, Қазақстанның бейбітшілігі мен халықтың тыныштығын қорғау жоғары мәртебесін ұсынды. Әскери қызмет ешқашан оңай болған емес, бірақ, әрқашан құрметті», - деп подполковник Тимур Сымайылов қадап айтты.
Әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері алған дағдыларын, қарумен және қарусыз саптық айла-тәсілдердің элементтерін паш етіп, салтанатты маршпен жүріп өтті.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге жүздеген жасөспірімді 15 жыл бойы дайындап келген «Әскер» әскери-патриоттық клубының үйренушілері қоян-қолтық ұрыс бойынша көрсетпелі көрсетілімді алғаш рет көрсетті.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шара патриотизмнің деңгейін арттыруға, Қарулы Күштердің имиджін көтеруге бағытталған.
Мемлекеттік құжат болғаннан кейін әскери ант әскери қызметшілерден әскери қызметтің міндеттерін мінсіз орындауды, сеніп тапсырылған қару мен жауынгерлік техниканы шебер қолдануды талап етеді.