Әскери қызметшілерді Қазақстанның ерекше мәдениетімен таныстырды

Әскери қызметшілерді Қазақстанның ерекше мәдениетімен таныстырды

2016 жылғы Армия халықаралық ойындарының екі байқауына қатысу үшін Қазақстанға келген әлемнің 12 елінің әскери қызметшілері кезеңдерде өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетуге үлгеріп қана қоймай, сонымен бірге, елімізбен етене жақынырақ танысуда.


Жақында ғана «Мерген шебі» мен «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауына қатысушылар үшін айрықша мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.


Ойынға қатысушылар Алматы шаһарының мәдени мұрасы элементтерімен танысты. Қазақстан, Венесуэла, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Беларусь, Зимбабве, Үндістан, Иран, Моңғолия, Грекия, Арменияның әскери қызметшілері ҚР Тұңғыш Президентінің саябағына, ҚР Ұлттық мұражайы мен әйгілі биік таулы «Медеу» мұз айдынына барды.
Әскери қызметшілердің назарына әртүрлі концерттік нөмірлер ұсынылды, қазақтың ұлттық және эстрадалық композициялары шырқалып, сондай-ақ, би нөмірлері орындалды.


Одан басқа, қатысушыларға қалалық мейрамханалардың бірінде түскі қонақ асы ұйымдастырылды. Меймандар қазақтың ұлттық ас мәзірі, яғни, бесбармақ, бауырсақ, құрт және ұлттық сусын – қымыз бен шұбаттан дәм татты. «Маған ұлттық ас мәзірлеріңіз өте қатты ұнады. Әсіресе, бесбармақ. Бәрі дәмді және тіл үйіреді», - деді Армениядан келген әскери қызметші Севад Погосян және барлық тағамдардың дәмінен қуана-қуана ауыз тидім деп атап өтті.


Полковник Болат Жүнісбековтің айтуынша, бағдарлама шетелдік қатысушыларды Қазақстанның ірі қалаларының бірі Алматының мәдениеті және өнерімен етене таныстыру үшін ұйымдастырылды.
Бұл күндері «Гвардейск» кентінің аумағында Армия халықаралық ойындары – 2016 байрақты бәсекесінің өткізілуі шеңберінде «Мерген шебі» және «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқаулары аяқталуға жақын қалғанын естеріңізге сала кетейік. Жалпы алғанда, байқауға 278 адам қатысуда. Атап айтқанда, 32 қазақстандық әскери қызмстші және 246 шетелдік қатысушы.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста