Әскери ғылымды дамытпайынша, әскери жүйені реформалай аламыз ба?

Әскери ғылымды дамытпайынша, әскери жүйені реформалай аламыз ба?

Кез келген мемлекет қаһарлы әскерімен айбынды. Әскерге қайсар рухпен қоса, жауынгерлік даярлық, стратегиялық және тактикалық амал-айла, техникалық артықшылық әбден керек. Дегенмен әскери ғылымсыз әскердің құдіреті болмайды. Сондықтан жасанып келген жауға тойтарыс беру үшін білекпен бірге әскери ілімнің де болмағы керек.
Демек, өрлеуді бастан өткеріп жатқан Қазақстан армиясына жеңісті жалауларын желбіретуге себі тиер әскери ғылымның ауадай қажеттігі даусыз. Өйткені қазіргі заманғы сарбазды құр намыспен жауға аттандыра алмайсыз, заманауи қару-жарақсыз күнің қараң. Айта кету керек, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери ғылымды дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегия жобасын әзірлеп жатыр. Әскери ғылымға енді көңіл бөлініп келеді. Десек те, бізде әлі күнге дейін Әскери ғылымдар академиясы, әскери теле­арна жоқ. Қазақстандағы әскери жоғары оқу орын­дарын, колледждерін және әскери мектептерінің жалпы санын жисақ, небары 26 ғана. ІІМ, ҰҚҚ секілді күштік құрылым үшін кадрлар даярлайтын оқу орындары да осы санаттың ішіне енеді. Ал жоғары оқу орындары жанынан 23 әскери кафедра жұмыс істеп тұр. Бұған 2008 жылы ашылып, жұмыс істеп жатқан әскери-стратегиялық зерттеулер орталығын қосыңыз. Алайда бұл отандық әскери ғылымның дамуы үшін мүлде жеткіліксіз. Көрші Ресейде кешегі кеңестік құдіретті мектептің дәстүрі сақталған. Ресей әскери ғылымдар академиясының 642 мүшесі, 399 кор­респондент-мүшесі, 31 құрметті мүшесі, 1740 про­фес­соры бар.
Оның 72 пайызы – запастағы ге­нералдар мен адмиралдар, офи­церлер, 28 пайызы – әскери қызмет­тегі әскери ғалымдар. Ресей әскери ғы­­лымдар академиясы құзырлы мем­лекеттік құрылымдардың тапсыр­масымен 400-ден астам теориялық және ғылыми еңбектер басып шығарып, 15-тей заң жобасына ұйытқы болды. Ал Қазақстанда «Сарбаз» газеті, «Айбын», «Сардар» ғылыми журналы мен телеарналардағы бірді-екілі әскери бағдарламалардан өзге мақтанарымыз жоқ десе де болады.
Әскери реформаның діңгегі – әскери ғылым
Қазіргі соғысу тәсілдері әскери шығын­дарын барынша азайтуға бағытталуы керек және қарсылас жаудың ұрымтал тұстарына күйрете соққы беруге назар аударылады. Әскери текетірес ақпараттық, психологиялық және радиоэлектрондық күреспен айшықталып отырады. Жалпы, кез келген әскери қақтығыс майдан ала­ңында ғана емес, әуе-ғарыштық кеңіс­тікте де өрістеуі әбден мүмкін. Сондай-ақ қазіргі соғыстың саяси мақсаты бір елді бүтіндей жойып жіберуге емес, қарсы­ластың әскери құрылымдары мен экономикалық нысандарына соққы беруге бағытталады. Пилотсыз ұшақтарға деген сұраныс артты. Бұрын төртінші толқындағы әскери қимылдар құрлық – теңіз-әуе арқылы жүзеге асып жатса, қазіргі алтыншы толқындағы соғыс қимылында құрлық-теңіз-әуе-ғарыш арқылы іске асырылады. Осыған орай соңғы 2-3 жылдың ішінде көптеген елдер әскери стратегияларын жаңғыртты.
Көп елдер әскери реформаны жүргізуде артық шығыннан арылып, әскери құры­лымдарды ықшамдауға, әскери қыз­метшілерді әлеуметтік қамтуға ұмтылып жатыр. Ресей әскери құрылымын рефор­малау барысында полктік жүйеден бри­гадалық жүйеге ауыстырып, әскер санын 1 миллиондай ғана қалдырмақ. 32 пайызды құрайтын офицерлер корпусын 15 пайызға дейін қысқартып, мичмандар мен прапорщиктер корпусын таратып жатыр. Жақын арада Ресей армиясындағы келісімшартпен қызмет ететіндер санын 425 мыңға жеткізбек.

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасында жазылғандай, оның қор­ғаныстық сипаты бар, оның ережелерінде бейбітшілікті дәйекті түрде ұстанатындығы елдің ұлттық мүддесін табанды қорғаумен, әскери қауіпсіздігіне кепілдік берумен үйлеседі. Әскери доктринада әскери қауіпсіздіктің қазіргі заманғы, оның ішінде ассиметриялы қатерлер – кибертер­ро­ризмді, этноұлттық және діни экс­тре­мизмді, қарудың заңсыз таралуын қоса алғанда, халықаралық терроризмге қарсы күрес ескеріле отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралым­дарды дамыту жағдайлары мен негізгі бағыттары нақтыланады. Қазіргі уақытта Қазақстанда Құрлық әскерлерінен, Әуе қорғанысы күштерінен және Әскери-теңіз күштерінен тұратын Қарулы Күштердің оңтайлы үш түрлі құрылымы құрылды. Құрлық әскерлерінің құрамына төрт өңірлік қолбасшылықтың әскерлері, сондай-ақ Аэроұтқыр әскерлері, Зымыран әскерлері мен артиллерия кірді. Қазақстан армиясындағы бригадалық жүйені америкалық «Страйкер» бригадалық жүйесі негізінде құру туралы айтылып жүр.
Ким Серікбай, әскери ғылымдар докторы:
– Әскери ғылымды өркендету үшін тек қаражат қана қажет емес, оған білікті мамандар дайындау керек. Бізде әскери ғылым кадрлары аздау. 90 жылдары армия құрылған кезде әскери ғылымға жете көңіл бөлінбеді. 20 жылдың ішінде 8 министр ауысты. Әр министрдің өзіндік пікірі болды, өзінше реформа жасады, әскери ғылым қалтарыста қалып жатты. Қазақстандағы әскери ғылымның негізін салуға Манаш Қозыбаев, Керейхан Аманжолов, Павел Белан деген тарихшылар, Роллан Қаратаев, Нұрғали Асылов және өзге де әскери ғылым докторы, кандидаттары үлес қосты. Жасыратыны жоқ, кейбір қорғаныс басшы­лары ғылымды қоя тұршы, енді біреулері ғылыммен армияда жүргендер ерігіп жүрген офицерлер деген пікірлер болды. Елімізде он шақты әскери ғылым докторы, 18 әскери ғылым кандидаты бар. 2000 жылы Үкімет, әскери қолбасшылар­дың қолдауымен Ресей, Украина, Беларусь елінен ғалымдар шақырып, отандық әс­кери ғылым даму жолына түсті. Щучинскіде қорғаныс университетінде әскери ғылым басқармасы, сондай-ақ Қорғаныс ми­нистрлігі жанынан стра­тегиялық зерт­теулер институты мем­лекеттік кәсіпорны ашылып, жұмыс істеп жатыр. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басын біріктіріп, әскери зерттеу институтын ашу керек, келешекте әскери қауіпсіздік мәселесімен айналысатын орган болуы керек деп ойлаймын. Министрлер Каби­нетінде әскери қауіпсіздік мәселесін басқаратын премьер-министрдің орын­басары болса, оған барлық күштік құры­лымдардың өкілдері кіруі керек. Елдегі әскери және ҰҚК, ІІМ, ТЖМ-ның арнаулы оқу орын­дарының басын қосып, бір орган құрылса. Ал Қазақстанның әскери ғылым­дар академиясын құру келешектің ен­шісінде, алдымен әскери-зерттеу инс­титутын құрайық. Бұл мәселе талқыланды, құжаттар қабылданып жатыр, сондықтан осындай институттан бастау керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста