Әскери ант қабылдау рәсімі өтті

Әскери қызмет өткеру және Отан алдындағы конституциялық борышын атқару үшін біздің республикамыздың барлық өңірлерінен шақырылған жастар Әскери ант қабылдайды. Осы ерекше әскери дәстүр әскери қызметшілерде патриотизм, Отанға және Қазақстан Президентіне адал болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарғаны үшін мақтаныш сезімін тәрбиелейді.
Бұл адам өміріндегі әскери қызметтің алғашқы маңызды актілерінің бірі. Атамекенге қызмет етемін деп ант берген кешегі бозбала әскери қызметші қатарына қосылады.
Әскери салт-дәстүрлер әрқашанда жауынгерлік рухты, ағайындық бірлікті нығайтудың және жауынгерлер мен командирлердің мызғымас бірлігін қалыптастырудың және шынықтырудың сыннан өткен құралы болып табылады. Оларда жауға қарсы ұрыстарда Отан қорғашылары көрсеткен батырлық, батылдық және ерлік айқын көрініс тапқан.
Ант - бұл мемлекетке, өз елінің халқына адал болуға серт беру.
Ант - бұл іс-әрекетті сипаттау ғана емес, сонымен қатар өз ойын білдіруі, осы іс-әрекетімен айтушының мәртебесін және ол кіретін әлеуметтік байланыстар жүйесін өзгерту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл ішінде Қызметтің қатарында 30 мың адам шамасында мерзімді қызмет атқарды, олардың көбісі Қазақстан Республикасының барлық қуатты құрылымдарында Атамекенге адал қызмет атқаруды жалғастырып жатыр.
Бүгінге күні Қызметтің (Республикалық ұланның) қатарына алғашқы шақырылған адамдардың балалары әскери қызметке шақырылып жатқанын атап өткен жөн. Мысалы, қатардағы жауынгер Нариман Қорғанов Көкшетау Қорғаныс істер жөніндегі департаментпен шақырылған, оның әкесі Теміржанов Серік Қорғанұлы мерзімді әскери қызметке 1993 жылы шақырылған болатын.
Ант қабылдайтын сарбаздар әскери ортада жаңадан келген болып табылмайды, олар жас жауынгер курсынан өтеді және осы жауапты қадамға дайындалып келеді, бүгінгі күннің өзінде олар осындай қысқа мерзімде алған машық-дағдысын көрсете алады. Қарумен және қарусыз саптық амалдарды көрсетеді және салтанатты маршпен өтеді.
Ант қабылдағаннан кейін сарбаздар ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері (Алматы қ. Және Астана қ.) бойынша таратылады, онда олар Қазақстан Рсепубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, басқа да күзетілеін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша айрықша міндеттерді атқаратын және дәстүрлі рәсімдерді орындауға қатысатын, Мемлекеттік Ту мен Елтаңба эталондарын күзететін болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімшелеріне іріктеу басымды, мұқият және қатал болып табылады. Үміткерлермен Қорғаныс істер жөніндегі департаменттерге баратын офицерлер сұхбаттасу жүргізеді. Барлық мән-жай: оқу және жұмыс орындарынан мінездеме алынады, әскерге шақырылушының қарым-қатынаста болған ортасы, қызығушылығы мен бейімділігі, медициналық деректері анықталады, бойы 180 см кем болмауы тиіс.
Әскери қызмет үшін іріктеліп алынған әскерге шақырылушылар арнайы тексеруден өтеді. Үміткердің моральдық-іскерлік қасиеттеріне және дене бітіміне, сондай-ақ Отанға деген адалдығы мен берілгендігі, батылдығы айқын көрінген, қысылтаяң кезеңде өз бетімен шешім қабылдай алатын, тәртіпті және қырағы үміткерлерге ерекше назар аударылады.
Осындай қатаң талаптар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі атқаратын міндеттердің маңыздылығымен байланысты болып отыр.
2016 жылғы күзгі әскерге шақыру нәтижесі бойынша Қызметтің қатарына шақырылатын жаңа толымдаудың сапалық мінездемесі жоғары деңгейде екенін көруге болады. Екі жүзден артық әскери қызметшілердің 24 пайызының жоғары білімі бар, 56 пайызы орта-арнайы білімі туралы дипломмен келді. Жаңа толымдаудың көбісі спортшы-разрядник болып табылады.
Мемлекеттік күзет қызметінде басқа әскери құралымдарға қарағанда әлеуметтік қамтамасыз ету жоғары екенін айта кету керек. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің азық-түлік паегінің құны 1150 теңгені құрайды. Күн сайын әскери қызметшілер теңгерімделген тамақты үш рет ішеді. Негізгі азық-түлікпен қатар мәзірге мыналар: бал, табиғи шырын, жеміс-жидек (алма, банан, апельсин) қосылған. Жыл сайын әрбір әскери қызметшінің киім-кешегіне 150433 теңге жұмсалады. Құрмет қарауыл ротасына түскендерге киім нысаны мен аяқ киім жеке тігіледі.
Әскери антты салтанатты қабылдауға: Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен туыстары шақырылды.
Келген қонақтарға ҚР МКҚ Объектілерді қорғау қызметінің әскери қызметшілері өздерінің шеберліктерін, кәсіпқойлықтарын және үйлесімдіктерін көрсетеді.
Президенттік үрмелі аспаптар оркестрі мен құрмет қарауыл ротасы плац-концерттің (дефиле) жаңа бағдарламасын көрсетеді.
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Объектілерді қорғау қызметінің бастығы генерал-лейтенант Мұхтар Ақатұлы Аюбаев құттықтайды.
Анықтамалық:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөінндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.
Қызмет 2014 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі мен Республикалық ұланды қосу жолымен құрылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы генерал-лейтенант Амантай Жанкейұлы Күреңбеков болып табылады.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста