Ашаршылықта қырылған халықтың санын әлі де зерттеу керек

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)

«Біздің тарих – бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұ­қа бірақ-тағы...» деп Қадір Мырза Әлі айтпақшы, қазақ тарихының ашылмаған қыры мен сыры жетерлік. Бір ғана ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бас­талған ашаршылықтан қан­ша қазақ қырылғанын әлі де дөп басып айта алмай ке­леміз. Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баев та кеше «1932-1933 жыл­дардағы ашаршылық құрбан­да­рының рухына тағзым» мо­ну­менталды сәулеттік-көркем ком­позициясының салтанатты ашы­лу рәсімінде осы мәселені та­рихшылардың қаперіне салды. Әрине, ерте ме, кеш пе, әйтеуір, тарихымыздың ақтаңдақ тұсын ақтарып салатын кез әлі де келер.
Елбасы бұл нәубет көптеген зерттеуді қажет ететінін атап өтті. Президент қазақтың қолдан жасалған зауал­дан ең қатты зардап шеккен халықтың бірі екенін де ес­ке салды. «Тек 1932-1935 жылдары ең кемі 1,5 мил­лион қазақ аштықтан ажал құшты. Мұны әлі зерттеу ке­рек, әрине. Біз сол уақыттағы басшылардың өзіне қо­лайлы етіп берген есебіне ғана сүйеніп отырмыз. Ал аман қалған қандастарымыздың тағы да 200 мыңы жо­сып, неше түрлі мемлекеттерге жер аударылып кетті. Сол жылдары нәубетке ұшырамаған, аштық тауқыметін тарт­паған қазақ қалған жоқ. Кейбір ауылдар түгелімен жоқ болып кетті. Көптеген ауданда неше түрлі жағ­дай­лар­дан қырылған адамдардың есебі жоқ», – деген Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаев мұның барлығы сол кез­дегі Кеңестік биліктің, тоталитарлық саясаттың қол­дан жасаған зұлматы екенін айтты. Ашаршылықтың ал­дын­дағы ұжымдастыру науқандары талай дәуірден бе­рі қапысыз қалыптасқан көшпелі қазақтың шаруа­шы­лығын шайқап, тіршілік қалыбын бұзғанын да тілге тиек етті. Қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына тек 1970 жылдары ғана әрең қол жеткізді. «Егер де сол ашар­шылық болмаған кезде, ендігі қазақтың саны қан­ша болар еді, өздеріңіз есептей беріңіздер», – дейді Нұр­сұлтан Әбішұлы.
Бұл ашаршылық тек қазақ даласын ға­н­а шарпыған жоқ, Ресей, Украина, Бела­русь жерлерін де қамтыды. Пре­зидент айт­пақ­шы, алапат ашаршылық 7 миллион адам­ның өмірін жалмады.
Міне, осындай қайғылы тарихымызды ұмыт­пау сол нәу­беттердің қайталанбауы үшін қажет. Осыны ескерген Елбасы ха­лық­тың қасіретті сәттері әрдайым елдің жа­дын­да болуы тиіс екенін жеткізді. Сол үшін ар­найы ескерт­кіш те ашылып отыр. «Бұл рет­те тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған ашар­шылық ешқашан ұмытылмақ емес. Есі­мізде болуы керек. Сондықтан да біз Ас­та­наның қақ төрінде ашаршылық құр­бан­да­рына ескерткіш ор­натып отырмыз. Бұл, бі­ріншіден, ашаршылықта құрбан болған мил­лиондаған біздің бабаларымыздың ру­хына бүгінгі буыннан тағзым. Екіншіден, ке­лер ұрпақ ата-бабаларының қандай қа­сі­ретті бастан өткергенін біліп жүруіне та­ғылым», – дейді Президент.
Елбасы бүгінгі күнге шүкір айту­ды да ұмыт­пады. Жеткен жетіс­тік­те­рімізге де тоқ­та­лып өткен ол ха­лық­тың саны жыл сайын 1,5-2 пайызға өсіп отыр­ғанын жеткізді. «Мұ­ның барлығы ме­ди­цинамыздың сеп­ті­гінен. Бүгінде елі­мізде өлім-жітім азайып ке­леді, әсіресе ана мен бала өлімі қыс­қа­руда. Азамат­та­рымыздың өмір жасы ұза­рып, бақуатты өмір сүруде. Соңғы төрт жыл­дың ішінде-ақ қазақстан­дықтардың ор­таша ғұмыры 65 жастан 70 жасқа дейін өс­ті. Бұл – біз үшін үлкен же­тістік. Жақын ара­да халқымыздың санын 20 миллионға де­йін жеткізуге ниет етіп отыр­мыз, оған жағ­дайымыз жетеді», – деді Елбасы. Солай бол­ғай...

                   Мансұр ХАМИТ (фото)

ЕСКЕРТКІШТЕ НЕГЕ 1920-1921 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШТЫҚ ЕСКЕРІЛМЕДІ?
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, филология ғылымының докторы:
– Мұндай ескерткіш біз үшін өте қажет. Тек ескерткіштің бір нәрсесіне кө­ңілім толмай тұр. Біз неге «1932-33 жыл­дардағы ашаршылық құрбан­да­ры­ның рухына тағзым» деп, 1920-21 жыл­дарда болған аштықты ескермей қоя­мыз? Сондықтан да бұл ескерткішке «1920-1933 жылдардағы ашаршылық құр­­бандарының рухына тағзым» деуі­міз ке­рек еді. Сол кезде ашаршылықтан қы­рылған адамдардың саны анықтала тү­сетін еді деп ойлаймын. Елбасы да бе­кер айтқан жоқ. Қазіргі күні тарихтағы аш­тықтан өлген қазақтар санының ала-құ­лалығы ғалымдар үшін үлкен сын. Құр­бан болған адамдар санына бай­ланысты тартыстар әлі де болады. Жаңа да бір кісінің әңгімесінен естіп қалдым, ол кезде бір отбасында 10-13 баладан кем болмаған, ал соның ашаршылықта тек біреуі ғана тірі қалған. Содан-ақ ұлт­тық трагедияның қаншалықты зор болғанын көруге болатын секілді.

НАҚТЫ ДЕРЕК РЕСЕЙДІҢ МҰРАҒАТЫНДА САҚТАЛУЫ МҮМКІН
Қалжан РАХЫМЖАНОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты:
– Қазақ тарихындағы ең зұлматты, ең қасіретті кезең – осы ашаршылық. Бұл ашаршылықтан қырылған ха­лық­тың са­ны тарихта әртүрлі айтылады. Ал, негізінен, Кеңес өкіметі өзінің отар­лау сая­сатын жүзеге асырып, өз идеология­сын қазақ даласына жүргізу үшін қа­зақ­тың санын 50 пайызға ке­мі­туді көз­деген еді. Ал ол кезде ха­лық­тың саны тарихта 6 миллион бол­ды делінеді. Бі­рақ қазақтың саны бұл саннан да көп бо­луы мүмкін. Себебі тарихта 1916 жыл­­ға дейін қазақтың саны 10 миллион бол­­ды деген де де­рек бар. Бұр деректі Түр­киядағы бір ға­лым келтіреді. 1916 жыл­дан ашар­шы­­лыққа дейінгі ара­лық­та қа­зақтың са­ны 6 миллионға дейін қыс­­қарып қа­­латындай оқиға болған жоқ. Сон­дықтан да ашаршылық мақ­сат­ты түр­де жасалғандықтан, бұған қа­тыс­ты нақ­ты дерек Ресейдің мұра­ға­тында сақ­талуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста