Ашаршылық шындығы мектеп оқулықтарына енгізілуі тиіс пе?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазақты қынадай қырған Голощекин геноциді мектептің Қазақстан тарихы пәнінде ашық жазылған ба? Шынын айта­тын болсақ, төл тарихымыздағы қасіретті жылдар туралы ақ­парат­тар мектеп оқулықтарының өзінде мардымсыз жазыл­ған. Кеңес өкіметі қолдан ұйымдастырған ашаршылықта қазақ­тар секілді көп қырылған украиндер бұл трагедиялық кезеңдерді халықаралық деңгейге шығарып, басқа елдерге көр­сетіп, оны мойындауға мәжбүр етіп отырса, біз болсақ бұл нәубетті жылдарды өскелең ұрпаққа толық жеткізе алмай отырмыз.
Бұл туралы саясаттанушы Ерлан ҚАРИН бір сұхбатында былай дейді:
– Мен 10-11 сыныптардағы орыс және қазақ тіліндегі Қазақстан тарихы пәні бо­йынша оқулықтарды оқып, талдап көрдім. 11-сыныптың «Қазақстан тарихы» оқулы­ғында ашаршылықтан 300 мың адам өлді деген дерек көрсе­тілген. Сондай-ақ орыс сыныбына ар­нал­ған «Қазақстан тарихы» оқулы­ғында (11-сынып) үлкен бір қасірет, қаншама миллион халқымызды жойған оқиға бір кішкентай ғана абзацпен берілген. Сонда бүтін бір ұлттың трагедиясы бар болғаны бір абзацқа сыйып кеткен бе? Сол парақтағы тараудың өзі былай аталады: «Кеңестік саясаттың олқылық­тары». Жаппай ашаршылықты баяғы сарын­мен тек олқылық, кертарт­палық деп қарастыру, адамның өлімі трагедия емес, жай  ғана қателік секілді. Бұл не? Бұл біздің әлі де кеңес өкіметінің түсіндірмесімен отырғаны­мызды көр­сететіндей.
Шынында да, қарап тұрсаңыз, бұл біз­дің осынау тарихи оқиғаны «геноцид» деп ашық айта алмай, оқушыларымызға ақи­қатты ашып көрсете алмай отырған­ды­ғымыздан емес пе? Осындай олқылық­тардың орнын толтыратын уақыт әлдеқа­шан жетті емес пе? Бізде оқушыны апаратын мұражай жоқ болса, оқытатын оқулық жоқ болса, көрсететін фильм болмаса, онда біз жас ұрпаққа нені жеткіземіз? Ең қауіптісі осы емес пе? Біз бұлай немқұрай­дылық таныта берсек, болашақ ұрпақтың түсінігі қазақ тарихы туралы ұшқары болатыны сөзсіз. Сондықтан жастар сол кезең­де ел басына түскен нәубетті ұмытпас үшін мектеп оқулықтарына нәубет тарихы туралы ақпараттарды кеңірек әрі ашық насихаттауымыз – міндет.
Оларды оқулыққа енгі­зу – келер ұрпақ алдындағы да, өткен ұрпақ алдындағы да үлкен парызымыз.
Еділ НОЯНОВ, тарих ғылымының кандидаты, доцент:
– Міндетті түрде ашаршылық шын­ды­ғы мектеп оқулықтарында толық жазылуы тиіс. Өкініштісі сол – Тәуелсіз­дік жылдары шыққан мектеп оқулық­та­рында 20-30 жылдардың қасіреті толық жазылма­ған. Украиналықтар өз­де­рінің «голодоморын» болмаса еврейлер өздерінің «холокостысын» әлем болып атап өткісі келеді. Тіпті өткізіп те жатыр. Ал біз болсақ қайғылы, қасіретті жылдарымызды өз өскелең ұрпағы­мызға да толық жеткізе алмай отырмыз. 1931-33 жылдары қазақтың 40-50 па­йы­зы аштықтан қырылды. Одан тірі қал­ғандары көрші елдерге бас сауға­лауға мәжбүр болды. Ол кезде Қазақ­станда қалу өліммен тең болатын. Де­мограф ғалым Мақаш Тәтімовтің есебі бойынша, 1897 жылы қазақтың саны 4 млн 400 мың болса, 1959 жылы 4,5 млн қазақ халқынан 2 млн 870 мың ғана қазақ қалған. Қазақтың негізгі шығыны ашаршылық кезеңімен тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан бұл мектептің оқулық­тарында міндетті түрде шынайы әрі толық жазылуы тиіс. Тек Қазақстан тарихы пәнінде ғана емес, мектепте бұл тақырыппен факультативті сабақ­тар, тәрбие сағаттары өтуі керек. Сонымен қатар о баста 31 мамыр ашаршылық кү­ні болып белгіленген болатын. Бірақ кейін ол 1937 жылғы қуғын-сүргін құр­бан­дарын еске алу күні болып өзгертілді. Қазақстанда бар-жоғы 104 адам қу­ғын-сүргінге ұшыраған. Енді ашаршы­лық осының саясында қалып, айтылмай қалуда. Яғни ашар­шылық күніне байланысты бізде нақты белгіленген күн жоқ. Бір ғана армян халқын алайық: кезінде түріктердің қолынан қаза тап­қан миллионға жуық бауырластарын еске алу үшін еңкейген кәрісінен еңбек­теген баласына дейін айтулы күнді ай­рықша атап, аза тұтады. Ал Украинада осыдан бірнеше жыл бұрын Украина Радасының (парла­ментінің) ұсынысы­мен, президент шешімімен 27 қараша­ны жаппай ашаршылық кезінде құрбан болған қандастарын ескі алу күні етіп жариялады. Сол күні кеште бүкіл Украи­на бойынша бір сағат барлық жарық, шамдар өшіріліп, бауырластарын еске алады. Ал біз Алаштың арқа тұтар азаматтарынан бастап қарапайым қа­зақ ұлдарын баудай түсіріп, қазақ жерін молаға айналдырған миллион қазақ­тың басын жұтқан қаралы тарихтың жү­зіне тік қарай алдық па? Мен қырылған қазақтың жоқ­таушысы бүгінгі ұрпағы деп айтар едім. Келешекте барлық ЖОО-да, әрбір мектепте ашаршылық шындығы айтылуы тиіс. Қазір ештеңе­ден жасқа­натын, қымсынатын кезең емес. Айтам деген, осыны іске асырамын деген адамның аузына қақпақ, қолына байлау болып отырған ешкімді көрмедім. Бұған тек ниет пен ынта керек. Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі мен тағы басқа тиісті орган­дар­дың ықыласы қажет дер едім.
Бір сөзбен айтқанда, ашаршылық мектеп қабыр­ғасында қазақ тарихындағы ең алапат ұлттық қасірет ретінде оқытылуы керек. Жазушылар, мүсіншілер, киногерлер, суретшілер осы трагедияны көркем бей­нелеуге міндетті. Әрине, мұндай шара­ларға байқау жарияланып, арнайы мемлекеттік грант бөлінсе, дұрыс-ақ болар еді.
Қазақстан Тәуелсіздік алғанына 20 жыл­дан асты. Егеменді ел болдық. Экономикамыз да қарыштап даму үстінде. Өзге елдер арасында да беделіміз жоғары, түрлі шетелдік ұйымдарға төраға болдық. Енді бізге не кедергі? Небір нәубетті бастан өткерген ата-бабалары­мыздың шынайы тарихын келешек ұрпаққа жеткізу бүгінгі­лер­дің парызы емес пе? Сондықтан қалай да болса бұл қасіретті жылдар төңірегіндегі шынайы тарихымыз мектеп оқулықтарында ашық әрі толық жазылуы тиіс. Ал бұған бі­лім және ғылым министрі не дейді екен?..

Қамбар АТАБАЕВ, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Ашаршылық шындығы мектеп оқулықтарына міндетті түрде енгізілуі тиіс. Бірақ қазір мектеп оқулықтары тұрмақ, академиялық еңбектердің өзі қайта жазылуы керек. Өйткені олардың барлығы әу бастан қате жазылған. Оларды мен Ресейдің отаршылдық саясатының тұрғысынан жазылған еңбектер деп есептеймін. «Қазақстан тарихының» бес томдығы да солай. Ал оқулық деген не – ол білім, ал білім қайдан келеді, білім ғылымнан келеді. Егер бізде, шын мәнінде, Қазақ­стан тарихы ғылымы жоқ болса, онда шынайы оқулық қайдан пайда болады? Менің айтарым, Қазақстан тарихы ғылымы әлі күнге дейін өзінің зерттеу объектісін анықтай алған жоқ. Біз әлі күнге дейін жастарға «Ежелгі дәуірдегі Қазақстан», «Орта ғасырдағы Қазақстан» деп оқытып жүрміз. Ал ежелгі Қазақстан деген болып па еді? Қазақстан – ол мемлекеттің аты. Ежелде де, орта ғасырда да Қазақстан деген болған жоқ. Сондықтан, ең алдымен, оқулықты «Қазақ тарихы» деп өзгертуіміз қажет. Содан кейін барып оған қазақтың басынан өткен небір тарихты енгізуге болады. Сондықтан көптомдыққа, мектеп оқулықтарына бірді-екілі оқиғаны енгізе салу емес, бұл жердегі басты мәселе, қазақ тарихын ұлттық мүддеге сай, ұлттық тұрғыдан түбірімен қайта зерттеп, қайта жазуымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста