Археология ғылымы қашан серпіледі?

Археология ғылымы қашан серпіледі?

Тарихымыз тереңнен тамыр тартады. Оған ешкімнің дауы жоқ. Түгендей білсек, қаншама дәуірді артқа салатын түріміз бар. Алайда соған енжар кейіп танытып жүрміз. Тәуелсіз ел атанғалы бері де ширек ғасырға жуық уақытты артқа салып үлгердік. Қазақтың қаншама ғасырға созылған шежіресіне зер салуға әлі де шамамыз келер емес. Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды. Содан бері жұмыс жүйесіне түскендей болды. Десе де, күні бүгінге дейін түрен тимей жатқан көне шаһарлар мен ескерткіштер баршылық. Осыдан 30-40 жыл бұрын есепке алынған көптеген мәдени мұраларға одан кейін назар аударған ешкім болмаған секілді. Алыс-жақындағы жиһанкездер артына қалдырған жазба деректерден тарихымызды түгендеген боламыз. Сол себепті біздің елімізге археология ғылымы бойынша серпіліс қажет екені бізге байқалады.
Алтай мен Атырау арасына созыл­ған ұлан-байтақ даламызды мақтан тұтамыз. Сол аралықта көне дәуір көзін көрген талай мәдени бай­лы­ғы­мыз жатыр. Өкініштісі, аталмыш құн­ды­лықтың басым көпшілігі мылқау күйде тұр. Бәлкім, оларды «сөйлете» білсең, бүгінгі күні бізге жұмбақ талай құпияның кілті табылар ма еді? «Талай істің бетін қайырып тастадық» деп тоқмейіл кейіп таныту – бекершілік. Біз тарих атты қалың томның алғашқы бетін енді-енді ғана ашып жатқан се­кілдіміз. Әрбір ұлттың ұстыны, бол­мы­сы, бейнесі осындай тарихи мұралар арқылы өзгеге әйгілі болады. Кезінде қазақтың түп-тамырын беріден бас­тай­тын салқын көзқарас болғаны бәрі­мізге белгілі. Шовинистік пиғыл­да­ғы адамдар үшін бұл таптырмас әдіс еді. Өйткені өткені жоқ ұлттың өзгенің алдында жүзі де төмен болады. Әри­не, сол жылдары Қазақстанда архео­логия мүлдем тоқырап қалған жоқ. Қан­шама игілікті істер атқарылды. Деген­мен жасалған жұмыстан әлі де қолға алынуы тиісті істер көбірек бола­тын.
Қай дәуірде де Сырдың бойы қалың жұрттың құтты қонысына айналды. Қазақтың археология са­ла­сына өлшеусіз үлес қосқан Әлкей Мар­ғұлан ағамыздың «Сыр өңі­ріндегі әрбір төбенің астында бір шаһар бар»  деген сөзін бүгінгі ғалымдар жиі ай­тып отырады. Айтса, айтқандай, дария бойында талай дүние сырын бүгіп жатыр. Тіпті оның кейбірі елдің есінен шығып кетті десек те болатындай. Осылай кете берсе, таяу уақытта сол мұрамыздан айырылып қалуымыз ғажап емес. Оларға тиісті дең­гейде назар аударуға ешкім көңіл бөлмей отыр. Жалпы, өркениетті елдерде мұндай тарихи мұралар арнайы қорғауға алынады. Оған арнайы мамандар бекітілген. Бізде ше? Тарихи орындарға көрінген көлденең көк атты емін-еркін ене алады. Олар тыныш кетсе бір сәрі ғой, кейбір құнды дүниелер қолды болып жатады. Оның әрбірінің біздің тарихымыз үшін баға жетпес туынды екенін ұғынсаң, еріксізден ішің қыж-қыж қайнап жатады. Бірақ қолдан келер қандай дәрмен бар? Елімізге белгілі археолог Мадияр Елеуовтің айтуынша, қарт Қара­тау­дың етегінде 300-ден астам көне шаһар, тарихи ескерткіш және тау тасындағы жазбалар бар екен. Байқаған адам осының өзі аз байлық емес екенін аңға­рады. Осыншама қазынаның құпия­сына үңілудің өзіне біраз жыл уақыт қажет емес пе? Оған еліміздегі санаулы археолог ғалымдардың шамасы келе ме?

                   Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Мадияр ЕЛЕУОВ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, Археология ғылыми-зерттеу орталығының дирек­торы:
– Елімізде археологтер дайындау жөнінен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алар орны ерекше. Бұл жоғары оқу орнында қан­шама мамандар дайындалып жатыр. Археологиялық орталықтар да, негі­зі­нен, оңтүстік астанамызда орын тепкен. Мен Сыр өлкесінің тарихын түгендеу бағы­тында қаншама жұмыс жасадым. Қан­шама ескі қалалар туралы мәлі­мет­тер жинадым. Айтарым, бұл өлкеде әлі де түрен тие қоймаған тарихи бай­лық­тар баршылық. Осы мақсатта жүйелі жұмыс жасау – біздің негізгі мін­де­ті­міздің бірі.

Бүгінгі күнге дейін Сыр бойындағы Жанкент, Сығанақ, Жент қалаларын зерттеу бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылған. Ал олардың өзгесі қаншама жылдан бері кезегін күтіп тұрған жайы бар. Ол кезек қашан келеді? Оны ешкім білмейді. Көне ескерткіштер осындай селқостық салда­рынан жер бетінен мүлдем жоғалып кетуі ғажап емес. Себебі аңызақ жел, толассыз жаңбыр және қыстағы қар олардың еріксіз мүжілуіне алып келеді.
Тарихқа үңілсек, шетелдік ғалымдар Қазақстанға ХІХ ғасырдың 70-жыл­да­рынан бастап үңіле бастаған. Құдай қосқан көршіміз Ресейдің Василий Радлов, Николай Веселовский, Петр Лерх және Васи­лий Бартольд сынды ғалымдары қаншама еңбек жазды. 1920-1930 жылдарда Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр Бернштам және өзге де ғалымдар басқарған экспедициялар ұлан-ғайыр даланың басым бөлігінде күрделі археологиялық барлау және қазба жұмыстарын қолға алды. Осының арқа­сында қаншама құнды дүниелер түгенделіп қалды. Олардың еңбектері күні бүгінге дейін құнын жоғалта қойған жоқ. Қазіргі таңда да археологтер қаржы бөлінсе, талай құндылықты халықтың игілігіне айналдыра алар еді. Дегенмен оның барлығына бөлінетін ақша қайда? Қаржы тапшылығы қолды байлайды.
Археология саласындағы ғылыми орталықтар еліміздің ірі қалаларында орын тепкен. Алдағы уақытта осындай орын­дарды өңірлерде де ашу қажет секіл­ді. Осыдан кейін жергілікті басшылар бұл салаға қомақты қаржы құйып, қаншама жұмыстар қолға алынуы мүмкін. Оны тек мәдениет саласына жүктеп қоюдың еш­қан­дай реті жоқ. Әйтпесе алдағы уақытта талай тарихи дүние көзімізден ғайып бо­лып, қолымызды мезгілінен кеш сермеп жүр­мейміз бе деген сауал үнемі ойға орала береді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста