Әріптестеріммен мақтанамын

Әріптестеріммен мақтанамын

Мен дәрігер мамандығын таңдап, науқастарға көмектескенімді мақтан тұтамын. Бұл мамандықты таңдау, адамға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Медицинаға кез-келген адамның келуі мүмкін емес. Сондықтан осы жолды таңдап, дәрігерлерлік өмірге қадам басқанын түйсігімен түсінуі тиіс. Себебі дәрігер адам тәнін біліп қана қоймай, қандай жағдайда да бәріне дайын тұрады. Ең бастысы қаннан қорықпай, адам өміріне жан-тәнімен беріле қарап, әрі өзінің әрбір ісіне жауап бере алатын жүйкесі мықты жан болуы керек. Өздеріңіз де білетіндей, елімізде енгізілген Төтенше жағдай кезінде дәрігерлер бастарын қатерге тіге отырып, алғы шептен көріне білді. Ертеректе «майданның көзге көрінбейтін жауынгерлері» дегенді естігенім бар еді. Ал бүгінде көзге көрінбейтін жау деген түсінік пайда болды. Ол - "Ковид-19" дерті. Жаңа да айттым, осы мылтықсыз майданның алдыңғы шебінде дәрігерлер қауымы түнді түнге соғып, күресуде.
Өзім қызмет ететін Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь ұжымы да сол қарбаласта аянбай көмектесіп, ортасында жүрді. Директорымыздың сауатты басшылығының нәтижесінде жұмыс тәртібі сақталып, карантин ережелері бұзылған жоқ. Біз науқастарды моральдік жағынан қолдап, қатты күйзеліске душар болғандарды әзіл-күлкімен жадыратуға тырысып, барынша қолдау көрсеттік. Өзімнің әріптесім, неврология бөлімінің меңгерушісі Салтанат Елшиевамен де осы қысылтаяң шақта қоян-қолтық бірге жұмыс жасадық. Тіпті жұмыс барысындағы бар шаруаға өз көлігін пайдаланып, көмек қолын созды. Көпшілігінде көлік іздеп жалтақтамай өзіміз реттеп отырдық.
Білікті маман Салтанат Толғанбайқызының да техниканың тілін жақсы білгендігі көп көмегін тигізді. «Ас - адамның арқауы»,- дейді емес пе? Осы орайда госпиталь асханасындағы аспаздарға айтар алғысымыз шексіз. Адам үшін аса қымбатты денсаулық саласындағы абыройлы қызметтеріңіз үшін сіздерге шынайы ризашылық білдіріп, зор денсаулық, сарқылмас мейірім тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Терапия бөлімінің меңгерушісі Құралай Жұмаханқызы.
#Тәуелсіздіктіңүздікдәрігерлері

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста