Арбакештер рэкеттерге наразылық білдірді

Өткен жексенбі күні таңертеңгі сағат 07:00 шамасында Қарағандыдағы «Шығыс» базарында қоларбамен жүк таситын 200-ге тарта арбакеш наразылық шарасын ұйымдастырып, қала орталығына шығатын Бұқар жырау даңғылын жауып тастады. Арбакештердің наразылығы базарда бұлардан ақша талап ететін рэкеттердің әрекетіне байланысты туындаған екен.


Өздерін «Қарағанды Агроорталық» ЖШС қызметкерлері ретінде таныстырған рэкеттер арбакештерден базар аумағына кіріп-шығу үшін 100 теңгеден алым жинаған көрінеді.
Өткен жұмадан бері «Шығыс» базарында алым-салық жинаушылар жексенбі күні таңғы алты кезінде базар ауласына енбек болған арбакештер мен саудагерлерден 100 теңгеден талап ете бастайды. Айналасы бір сағат ішінде топталған 200-ге тарта қарулы жас жігіт рэкеттер орналасқан темір үйшікті бірден төңкеріп тастап, онда паналаған екі салық жинаушыға тап берген. Ал рэкеттер қалталарынан бірі пышақ, бірі резеңке оқпен оқталатын тапанша алып шығып, топқа қарата оқ шығарған-мыс. Абырой болғанда, ешкім жарақаттанбаған.
Ал көк базардың рэкеттері туралы көлденең жұрт та, жергілікті билік өкілдері де ерте бастан білетіні анық. Тек оны ауыздықтау туралы мәселе күн тәртібіне қойылмай келген. Қазір «Шығыс» базары күнделікті жұмыс қалпымен сауда ұйымдастыруда. Бұзақылардың ісі туралы саудагерлер полицейлерге жазбаша шағым түсіріп, іс қаралуда. Бір қызығы, рэкеттердің арқасүйері кім деген сауалға ешкім жауап берер емес.
Айдар МАХАМБЕТОВ, Қарағанды қалалық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары:
– Таңғы 07:16 кезінде кезекші бөлімге базар маңында қарақұрым топ жинала бастағаны жайлы ақпарат келіп түсті. Дереу сол тұсқа қала әкімдігі қызметкерлері мен ішкі істер бөлімінің тәртіп сақшылары барып, мән-жайды қадағалауға алдық. Қазір базар маңында полиция күзеті тыңғылықты бақылау жүргізіп отыр. Базар қызметкерлерінің жұмысы өз қалпына түсті. 10 күн ішінде барша жағдаятты толық тексеріп, тәртіпті толық орнатамыз.
Франц ЧЕРВИНСКИЙ, «Шығыс» базарының директоры:
– Көк базардың алдында сауда, жүк көліктерін қоятын арнайы орындарымыз бар. Бірақ ол жерден біз алым жинамаймыз. Ал бұзақылардың әрекетін бүкіл ел біледі. Жарты жылдан бері алым-салық жинап келеді. Соңғы күндері олар арбакештерге де осындай талап қойған. Ақыры осындай қақтығысқа әкеп соқтырды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста