Әр жылдары Қазақстан Тәуелсіздігі күнінде 14 666 бала дүниеге келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметінше, 1999-2015 жылдар аралығында 16 желтоқсанда 14 666 бала дүниеге келген. Олардың 7 289-ы ұл да, 7 377-сі қыз. Ең көп бала Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында дүниеге келіпті - 1 260 бала.
Айта кетейік, тәуелсіздік жылдарында ең көп қойылған есімдер Ерасыл, Александр, Диас, Азамат, Максим, Дмитрий, Руслан, Санжар және Мирас; ал қыздарда - Аружан, Айдана, Анастасия, Диана, Аяулым, Алина, Мадина, Айзере, Айару, Арайлым болды,
Еске салайық, осыған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіндегілер Тәуелсіздіктің 25 жылында қойылған есімдер жайлы қызықты мәліметтерді жария еткен еді. Тәуелсіздіктің 25 жылында, 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 2016 жылдың 6 желтоқсанына дейін 31 810 адамға Нұрсұлтан деген есім берілген. Ал Қазақстанның бірінші ханымының есімі Сара 3 512 қызға берілген.