Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені коронавирустан көз жұмған азаматтарды аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әр қазақ – менің жалғызым" дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді. Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас", - деді Тоқаев.