Ақтөбелік асабалар салық төлеуге қарсы
Автокресло шуы мен автөкөлік дүрбелеңі енді басылғандай болып еді, асабалар айқай шығарды. Даудың басы осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Бұл өнерді тұншықтыру дейді асабалар. Ал кіріс департаменті мамандарының бұл турасында ойы өзгеше. Екі жақты келіспеушіліктен түйін түйген тілшіміз тарқатады.
Асылан Жұмабаев сегіз жылдық тәжірибесі бар асаба. Нәпақасын осы қызметпен тауып жүрген жас жігіт басқа ешбір жерде жұмыс жасамайды. Сол себепті ұсыныстан бас тартқан емес. Тапқан табысын әнші бишілермен, фото- бейне студиялармен бөлісетін өнер иесі жаңашылдықдың аса ауыр тиетінін мойындайды.
Мемлекеттік кіріс департаменті жас жігіттің пайымымен келіспейді. Керісінше, өзгеріс Асылан сияқты асабалардың жұмысын жандандырмақ. «Заң алдында барлық адам бірдей. Мемлекетке төленетін жарна да мардымдыз. Салықтан жалтару-асабалардың еркелігі», — дейді мамандар.
Қызмет көрсету саласы мамандары ретінде тіркелген асабалар әрбір тойдың сәні. Той десе қу басы домалайтын қазақтар ерекше күндерін естен кетпестей өтуіне барынша тырысады. Мұндай тойда қыруар қаражат жұмсалатыны да жасырын емес. Сол қаражаттың бір бөлігін алатын асабалардың мемлекетте салық төлеуінің еш әбестігі жоқ, тіпті бұл бизнестің одан әрі жандануына пайдалы дейтін асабалар бар.
Халық арасында асабалар бай халық деген түсінік қалыптасқан. Бірақ шын мәнінде кейбіреулер осы жұмыспен байлыққа шомылып жүрсе, кейбір асабалар осы жолда күнделікті напақасын ғана табады. Табыстың негізгі көзі той томалақтан түсетінін және ол жерде ақша айналымының қолма қол жүретінін ескерсек, заңды органдардың асабалардың қанша табыс табатынын қалай тексеретіні әзірге беймәлім.
Асылжан БҮРКІТАЛИН, «4 студия»
nurtv.kz/