Ақтөбеде жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

Ақтөбеде жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

2014 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің №899 Жарлығымен: Айгүл Абдуллина, Светлана Мұқашева, Манарбек Мыңбаев – Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына; Мария Шәріпова – Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының лауазымына; Дәурен Хамиев – Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы лауазымына; Перизат Атыбаева Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Ант қабылдау рәсімінен кейін сот төрағасы Ерлан Айтжанов жаңадан тағайындалған судьяларға сәттілік тілеп, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде әділ әрі бейтарап болуға шақырды.

Еске сала кетейік, тамыз айында Рашид Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Ол бұған дейін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы болған, алайда Үкіметтегі өзгерістерден кейін Қаржы полициясы қысқартылып, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып құрылған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста