Ақтөбеде есту мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Сәукелелі ару» атты байқау өтті
Байқау ҚР мүгедектер күні қарсаңында ұйымдастырылды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Ақтөбе қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Байқауда Атырау, Қызылорда, Орал және Ақтөбе қаласының есту мүмкіндігі шектеулі сұлу қыздары бақтарын сынады.
Шараның басты мақсаты:
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытының «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында төл мәдениет пен өнерді, салт-дәстүрді насихаттау;
Эстетикалық тәрбие беру арқылы көпұлтты еліміздің бірлігін, тілі мен мәдениетін, дүниетанымын құрметтеуге шақыру;
Қазақ қыздарының сән-салтанаты мен мінез-мәнерін таныту;
Есту мүмкіндігі шектеулі жандардың ерік-жігерін жану, талантын ұштап, дарынды өнер иелерін халыққа таныту, қоғамға бейімдеп, олардың белсенділіктеріне қолдау көрсету.
Бас жүлде, яғни «Сәукелелі ару-2022» номинациясын Атырау қаласынан келген Қаракөз Мұрат иеленді.
1 орын – Мухамбетьярова Дана, Ақтөбе қаласы;
2 орын – Нұрболат Дана, Орал қаласы;
3 орын – Кәдір Жаңагүл, Қызылорда қаласы;
«Ибалы ару» номинациясы – Мұратова Алина, Қызылорда қаласы;
«Парасатты ару» номинациясы – Костромина Эльвира, Ақтөбе қаласы.
«Көрермен көзайымы» номинациясы – Когисова Аружан, Ақтөбе қаласы.
«Өнерлі ару» номинациясы – Тұрарова Наргиз, Ақтөбе қаласы.
«Сымбатты ару» номинациясы – Ракитянская Сабрина, Ақтөбе қаласы.
«Бұрымды ару» номинациясы – Сайлауова Еркежан, Қызылорда қаласы.