Ақтөбе облысында сармат дәуірінің қорымы табылды

Ақтөбе облысында сармат дәуірінің қорымы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2 тамыз, дүйсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тарих ғылымдарының докторы, Шығыс елдері сәулеті халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Серік Әжіғалимен және тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры міндетін атқарушы Талғат Мамыровпен кездесті.

Кездесу барысында Ақтөбе облысында "Қазақстанның киелі жерлері" жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан ғылыми-зерттеу жобалар талқыланды. Ғалымдар облыс әкіміне Мұғалжар ауданы аумағындағы Жағабұлақ қорымынан бір ай шамасында табылған бірегей ОЛЖА - тастан жасалған құрбан шалынатын орын мен алтынмен қапталған көрнекті семсерді көрсетті.

Айта кетейік, қорымның өзі бұрынғы темір дәуіріне, яғни б.д.д. VI-V ғасырларға жататын ірі кешен болып табылады. Мұнда сондай-ақ, қола айналар, алтын тоға және т.б. ежелгі заттар табылды. Археологиялық ескерткішті зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Сонымен бірге, Қарғалы ауданында қола дәуірінің қоныс-мекендері табылды. Сол аумақтан метал пеш табылған. Бұл қазіргі Ақтөбе облысының аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың метал өндірісімен айналысқанын дәлелдейді.

Бұдан өзге, жуырда өңірде Едіге батыр мен Исатай Тайманұлының жерленген орнын іздеу жұмыстары басталды. Құрамына  архитекторлар, этнографтар, археологтар мен арабистер кірген этнографиялық экспедицияны атақты ғалым, профессор Серік Әжіғали басқарды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста