Ақтөбе облысында боранды күні далада қалғандар құтқарылды
Ақтөбеде кеше бірнеше бағытта жол жабылып, құтқару жұмысы жүргізілді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент хабарлауынша, Қарғалы ауданы Бадамша ауылынан 7 шақырым жердегі серіктестік жұмысшылары далада қалып қойған. Шақырту орнына құтқарушылар жіберіліп, 4 жұмысшы құтқарылды. Олар Бадамша ауылына жеткізілді.
Сонымен бірге Самара-Шымкент тасжолының Қобда ауылынан 80 шақырым қашықтықта жол-көлік оқиғасы болып, құтқарушылар бір адамды ауылға жеткізді.
«Құтқату жұмыстары Хромтау ауданы Абай ауылы аумағында да жүргізілді. Жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Оқиға орнына 3 адам техника жіберілді. Toyota Land Cruise маркалы жеңіл автокөліктің жолдан шығып кеткені анықталды. Құтқарушылар көмегімен 5 адам, оның ішінде 3 балаға көмек көрсетілді. Ақтөбе облысының ТЖ департаменті ауа райының өзгеруін қадағалауды, ескерту кезінде жолға шықпауды ұсынады»,- делінген хабарламада.