Ақтөбе облысында ауыл мұғалімі алаяқтардың кесірінен банкке үш миллион теңге қарыз болып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Байғанин ауданындағы ауыл мектебінің мұғаліміне белгісіз адам қоңырау шалған.
Полиция департаменті мәліметінше, қоңырау шалған адам өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ол алаяқтар 45 жастағы мұғалімнің банк шотын бұзуға тырысып жатқанын жеткізген. Ол мұғалімнен телефон нөміріне келген SMS-кодты айтуды сұраған.
Жәбірленуші қоңырау шалған адамның айтқанының бәрін орындаған. Ал кейін ол атына 3 миллион теңге несие рәсімделгенін білген.
Алаяқтар іздестіріліп жатыр.