Бүгін таңертең Ақтаудағы «ҚазАзот» зауытының мұржасынан ауаға жайылып жатқан сары түтінді көрген қала тұрғындары көріністі түсіріп, әлеуметтік желіге таратты.
Мұның себебі техникалық ақаулықтан болуы ықтимал. Өңірлік Экологиялық департамент осындай ұйғарымға келіп отыр. Қазіргі уақытта өкілетті орган қызметкерлері әлгі кәсіпорын аумағында тексеру жүргізіп жатыр. Оның қорытындысына сәйкес айыппұлдың мөлшері де белгілі болады.