Ақтаудағы техникалық жөндеу орталығындағы өрттен 1 адам қайтыс болып, 3 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«12 қаңтар күні облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сағат 18:20-да Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллоны жарылған. Салдарынан техникалық қызмет көрсету орталығының бір жұмысшысы (әйел) қаза болды. Үш ер адам күйік жарақаттарымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Өрт себебі анықталып жатыр», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Өрт сағат 18:48-де ауыздықталған. От шарпыған аумақ – 50 шаршы метр.