2015 жылы 16 маусымда Ақтау қаласының әуежайында Boeing-737 әуе кемесінде болған авиациялық оқиғаға байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлайды: 2011 жылғы 18 шілдедегі ҚР Үкіметінің №828 қаулысына және ИКАО-ның халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенциясына №13 қосымшаға сәйкес ҚР ИДМ комиссиясы Boeing-737 әуе кемесінде болған авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізді, деп жазады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ұшақтағы өрттің шығуы әуе кемесін жердегі оттегі көзінен сығымдалған оттегімен толтыру кезінде оттегі шлангасының өздігінен бүлінуінен болған.
Өрттің шығуының қосымша себептері мыналар: Ұшақтың оттегі жүйесіндегі ашық оттегі баллонынан ұдайы келіп тұрған оттегі қысымы жағдайында ұшақтың оттегі баллоны орналасқан маңайдағы алдыңғы жүк салғыштағы әуешаң-тозаңды шағын дисперсті ортадағы байытылған және динамикалық кернеген оттегінің өздігінен жануы.
Тергеу барысында алынған ақпараттарды сараптау негізінде тергеу жүргізген комиссия осындай себептердің салдарынан басқа да авиациялық оқиғаларды болдырмау мақсатында ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныс әзірледі.