Ақмола облысында ұшқыш қыздар жайлы қойылымның тұсаукесері өтті

Ақмола облыстық орыс драма театрында «Түнгі шабуылшылар» атты спектакльдің тұсаукесері өтті.

Аталған қойылым Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылыпты. Спектакльге отты жылдары тек қыздардан құралған 46-гвардиялық «Таман» авиациялық полктың ерлігі арқау болған.

Жаудың үрейін ұшырған қыздар полкінде қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш, жауынгер, Қазақстан Республикасының халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова болған. Қойылымның режиссері, мәдениет саласының үздігі Ольга Луцива мұндай тарихи туындыны сахналау оңайға соқпағанын айтады.

Ольга Луцива, облыстық орыс драма театрының бас режиссері: - Біз Алматы қаласында болып, Хиуаз Доспанованың ұлымен кездестік. Ол кісіден анасы жайлы біраз тың деректерді сұрап білдік. Ол бізге анасымен бірге майданда болған қаруластары туралы да айтып берді. Осылайша сол ержүрек аналарымыздың ерекше батырлықтарын көпшілікке жеткізуге тырыстық.

Қазақтың қайсар қызы Хиуаз шайқас кезінде әуеге 300 рет көтеріліп, 14 рет ұшақтан құлаған екен. Төрт мәрте ауыр жарақат алса да, емделген соң ұрыс даласына дереу оралып отырыпты. Спектакльде сол ұшқыш, батыр қыздардың жауға асқан батылдықпен қасқая қарсы тұрғаны керемет көрініс тапқан.

Ерболат Әміров, Х.Доспанованың ұлы: - Спектакль бұл жастайынан қан майданға аттанып, көзсіз ерлік көрсеткен жандарға құрмет ретінде жасалып отыр деуге болады. Сұм соғыста қаншама бозбала мен бойжеткен қыршын кетті. Қазіргі жастар сол кісілердің Отан үшін қалай жан пида еткендерін білуі тиіс.

Зинаида Голубь, көрермен: - Маған спектакль қатты ұнады. Өте шебер сахналанған. Соғыс кезіндегі атыс-шабысты, түрлі қиындықтар мен қысылтаяң сәттерді әртістер жақсы жеткізе білді. Қойылымды көріп отырып, бүгінгі бейбіт күнге мың да бір шүкір етеді екенсің.

«Театр ұжымы аталған қойылымды өскелең ұрпаққа өнеге болсын деген ниетпен сахналады», - дейді. Айтуларынша, бүгінгі жастар кешегі батыр апаларының ерлерге бергісіз ерлігін біліп, оны санаға түйіп өсуі тиіс.

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста