"Жедел жәрдем" көлігінде түсірілген видео Instagram желісінде пайда болды.
"Шоссейная көшесімен жүріп келе жатқанбыз. Оқ атылды. Көлік ешқайда барып соқтығысқан жоқ. Машинаның ішінде науқас болды. Оны "Авиценна-Бурабайға" (медицина орталығы) апара жатқанбыз", - дейді кадр сыртындағы дауыс.Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстан агенттігіне оқ атылғанын жоққа шығармайтындарын мәлімдеді.
"Бурабай ауданында 11 сәуірде сағат 22.10 шамасында жедел жәрдем көлігінің терезесі сынды. Көлікке оқ атылғанын жоққа шығармаймыз. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Құқық қорғау органдары қазір тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Sputnik Қазақстан Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне түсініктеме беруін сұрап сауал жолдады.