Ақбөкендер неден қырылды?

vseobohote.kz

«Батыс Қазақстан облысында тағы да киік қырыла бастады» деген суыт хабар Оралға 27 мамыр, жұма күні жетті. Сенбі күні облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған арнайы комиссия тікұшақпен оқиға орнына барып қайтты. Орал қаласынан 500 шақырым қашықтықта, Ресеймен шекарада жатқан Жәнібек ауданының Борсы және Жақсыбай ауылдық округтері аумағында екі күнде өлген киіктің жалпы саны 442 бас болыпты. Мұның 82-сі – биыл туған лақ. Куәгерлердің айтуынша, былтыр мамыр айындағы 12 мыңдай киік қырғыны да дәл осы жерде болыпты.
«Біз киіктің өлуін 26 мамыр күні түнде алғаш байқадық. Шамамен бір тәулік ішінде 50 шаршы шақырым аумағында өлген. Қазір өлу тоқтады», – дейді оқиға орнында жүрген «Охот­зоопром» РМКК-ның Батыс Қазақстан ай­мақтық филиалының бас инспекторы Нұр­лан Тәжіғалиев.
Бас инспектордан білгеніміздей, Жәнібек ауданының Борсы өңірінде биыл 4 мыңның үстінде аналық киік болған. Мамырдың 7-17 аралығында барлығы бір жерге жиналып, лақтаған көрінеді. «Біз алыстан бақылап жүрдік. Он күн бойы үйір бір жерде болды, тіпті су ішуге де барған жоқ. Төлі әбден аяқтанып, үйір орын ауыстырғанда, біз ол жер­ді барып көрдік. Ешқандай патология бай­қалмады, өлген киік жоқ, жалғыз лақ қана ше­ті­непті. Оның өзі тірі туған сияқты. Ересек киік­тің көбі былтыр қырылды ғой, биыл төлдеген – негізінен былтырғы лақтар. Сондықтан көбінің төлі жалқы болды. Мамырдың 19-дарында киік үйірінің саны лағын қосқанда шамамен 9 мыңға жетті. Биыл маса көп, жиі-жиі желдеп, бір жерге тоқтамайды. Былтыр қыр­ғын болған жерлерге жібергіміз келмей, әре­кет жасап көрдік. Бірақ жабайы жануар ғой, қайтаруға көнбейді», – дейді Нұрлан Тә­жіғалиев.
Ақбөкендердің ажал құшқан жері – Ай­дар­лы деп аталатын малшы қыстағының маңы. Өл­ген киіктердің іші кеуіп, аузынан көбік бай­қалған, тышқақтаған. Тура былтырғы сим­п­том.
– Дәл осы жерден киіктің өлу фактісі былтыр да, оның арғы жыл­дары да байқалыпты. Сондықтан мен мамандарға мүмкіндігінше бұл маңға ақбөкенді жолатпау жөнінде тапсырма бергенмін. Мұндай оқиғаның бір жерде бір мезгілде қайталануы жануарлар әлде­неден уланған жоқ па деген күмәнға же­телеп тұр. Бәлкім, осы жерде дәл осы уақытта жеуге жарамсыз, улы болатын шөп бар шығар. Сондықтан бұл мәселені жете зерттеу керек секілді. Бір тәуірі, биылғы өлген жануарлар саны аз. Жаңа ғана өздеріңіз куә болдыңыздар, жетім қалған лақтарды ересек киіктер іздеп келіп, ертіп әкетіп жатыр. Былтырғыдай қырылмай, олар аман қалар деп үміттенеміз, – деді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Шынында да, өлген енелерін айнал­шық­тап, сенделіп жүрген сегіз лақты көз алды­мызда ересек киік келіп, ілестіріп алып кетті. Тағы бір таңғаларлық жағдай, киік өлімі басталысымен-ақ үлкен үйір тез ыдырап, 200-250-ден шағын-шағын топ­тарға бөлініп кетіпті. «Бұл, мүмкін, киелі жа­нуардың өзін-өзі сақтауы үшін жасалған та­биғи инстинкт шығар», – дейді бас инс­пектор.
Облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының бастығы Қай­рат Қадешев нақты өлген киік саны 441 болғанын хабарлады. Оның 80 шақтысы – биыл туған лақтар. Сараптама бұл жа­нуар­­лар­дың ажалына да былтырғыдай пасте­рел­лез себеп болғанын көрсетіпті. Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Қаз­бек Менеев өлген жануарлар түгел жи­налып, жо­йыл­ғанын, киіктің өлуі тоқтал­ға­нын, ауыл тұрғындарының мал-басы аман­дығын жеткізді.
P.S. Былтыр мамыр айында Жәнібек ауданы аумағында пастереллез ауруынан 11 920 киік қырылған. Бұл Батыс Қазақстандағы киік популяциясының тең жарымы болатын. Осыдан бір ай бұрын жүргізілген санақ нәтижесі облыс территориясында киік саны қайтадан 20 мыңға жеткенін көрсеткен еді...
Молдағали УАПОВ, БҚО табиғат қорғау прокуроры:
– Биылғы киіктің өлуіне Капустин Яр полигонының қатысы жоқ. Өлген жануарлардың белгісі тура былтырғы­дай, яғни пастереллез деген сөз. Бірақ соңғы сөзді жан-жақты сараптама нәтижесіне сүйеніп, мамандар айтуы тиіс.
Лавр ХАЙРЕТДИНОВ, ҚР Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі Агроөнеркәсіп кеше­ніндегі Мемлекеттік инспекция коми­тетінің БҚО аумақтық инспекциясы бастығы:
– Пастереллез вирустары малда, жануарлардың бойында, соның ішінде киікте әуелден болады. Тек ағза әлсірегенде немесе қосымша сыртқы факторлар әсер еткенде ғана бас көтеріп, күш алады. Жәнібектегі киік өліміне биылғы ұзақ қыс әсер етуі мүмкін.
Балдай ХОДЖАНОВА, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы:
– Жалпы, жылдың белгілі бір кезеңінде бойына у жинайтын өсімдіктер болады. Батыс Қазақстанда былтырғы киіктің жаппай қырылуы кезінде де осындай болжам айтылып қалған еді. Мұны анықтау үшін арнайы сараптама керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста