«Ақбеттау» журналы жарық көрді

«Ақбеттау» журналы жарық көрді

Ертіс-Баян өңірінде тағы бір тамаша басылым – «Ақбеттау» журналы оқырманға жол тартты. 300 данамен жарық көрген журналдың алғашқы нөмірі Мәшһүр Жүсіп Көпеевке арналып, мұқабасына әулие бабамыздың Екібастұздағы ескерткішінің суреті басылыпты.
Журнал редакторы Сайлау Байбосынның айтуынша, басылымның меншік иесі – Ерәділ Түсіпбаев жетекшілік ететін «Баянауыл ауданының рухани даму қоры». Жылына төрт рет шығатын журнал бұл жолы 110 бет болып жарық көрді. Бұл нөмірге Зекебай Солтанбаевтың «Мәшһүр Жүсіп – әлемдік тұлға», Сүлеймен Баязитовтің «Мәшекеңнің тұрмыс жайында...» мақаласы хақында», Сайлау Байбосынның «Мәшһүр Жүсіп пен Хамбо-лама», «Көпшілік Көпей сопыны біле ме екен?» атты материалдары енгізілген. Сонымен бірге, белгілі дін қайраткері, ғалым, аудармашы, фольклоршы Сәдуақас (Сәкен) халфе Ғылманидың (1890-1972 жж.) «Мәшһүр Жүсіп жайлы біраз сөзі» де оқырман қызығушылығын тудырады. Шахталы шаһар аспанынан мезгілсіз ағып түскен жұлдыздай болған марқұм Алмагүл Жүгінісованың «Ұлбике» дастаны да журналдың жаңа нөмірінен табылды.

 

Алдағы уақытта «Қазпошта» каталогынан орын алатын «Ақбеттаудың» келесі нөмірі қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанинге арналмақ. Олай болса, қойнындағы құнды жазбаларымен қазақ руханиятын байытуға беттеген «Ақбеттаудың» зерделі оқырманы көп болсын дейік.

Жанаргүл Қадырова,
Павлодар облысы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста