Апалы-сіңлілі капитан арулар

Апалы-сіңлілі капитан арулар

Түркістан облысында қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларының арасында бір отбасынан шыққан аға-бауыр, іні-қарындас полицейлер кездесіп жатады. Солардың бірі апалы-сіңлілі, екеуінің де шені капитан Гүлзейнеп пен Айбат.

Бүгінгі жазбамызға арқау болып отырған бұл арулардың үлкені полиция капитаны Гүлзейнеп Болатханқызы Қаражігітова:

- «Қыз баласына полицей болу қиын. Десе де нәзік жандының бойында қызметтік форма мен полиция жұмысына деген құштарлық барда, оны ешкім тоқтата алмайды. Мен де, менің сіңлім де бала кезден шенді ару болуды армандадық. Осы арманды жүзеге асыруда мен талмадым, шаршамадым. Өйткені менің соңымнан, менен үлгі алып сіңлім бойжетті. Содан 2009 жылы Алматы академиясына қабылдандым. Биыл академияны бітіргеніме 10 жыл толып отыр. Ал ішкі істер саласындағы қызмет өтілім 14 жыл.

Ең алғашқы қызметім Арыс аудандық полиция бөлімінде криминалист лауазымынан басталды. Ал 2014-2018 жылдары Әл-Фараби полициясында кезекші инспектор болдым. 2018-2022 жылдары Түркістан облысы ПД-нің кезекші бөлімінің кезекші-инспекторы міндетін атқарсам, 2020 жылдан қазіргі күнге дейін Штаб басқармасы жедел басқару орталығы мен кезекші бөлімдеріне басшылық ету тобының инспекторы болып жұмыс жасап келемін.

Менің күнделікті қызметіме келіп түскен қылмыстарға талдау жасау кіреді. Сондай-ақ кіріс-шығыс қағаздары, ҚР ІІМ-нен келген хат алмасуларға есеп тапсырып отырамын»,-деп атап өтті.

Сондай-ақ Гүлзейнептің айтуынша, 2019 жылы 8 наурыз мерекесі күні кезекшілікте болып, мерекені жұмыста қарсы алған. - «Біздің салада мұндай жайттар кездесіп тұрады, сондықтан оған дұрыс қараймыз. Ең бастысы елімізде тыныштық болса, біз қызметке әзірміз!»- дейді полиция капитаны Гүлзейнеп. Ал Айбат Болатханқызы болса, Түркістан қалалық полиция басқармасында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы болып қызмет атқарады. Жасөспірімдерге қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алып, тосқауыл қоюда қажет болса түнгі рейдтерге шығып, ер азаматтармен иық тіресе қызмет етуде. Бүгінде Гүлзейнептің өзі 2 қызды тәрбиелеп отырған асыл ана болса, Айбат 2 ұл 1 қыздың аяулы анасы атанып отыр. Ендеше Түркістан қаласындағы көпбалалы мұғалімдер отбасында дүниеге келген полицей Гүлзейнеп пен Айбатты мерекелерімен құттықтаймыз. Әрдайым көктемнің қызғалдағындай құлпырып жүре беріңіздер!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста