Антикор "Атамекен" ҰКП бұрынғы төрағасы ісіне қатысты мән-жайды айтты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Атамекен" ҰКП экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ісіне қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті ұстаған.Ол алаяқтық жасады және кәсіпкерді туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді.

Күдікті Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оның басқа қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Еске салайық, кеше, 10 мамырда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Абылай Мырзахметов 2013 жылдан бері "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы, оған дейін 2007 жылдан "Атамекен" одағы Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ол 2022 жылғы ақпанда қызметінен кеткен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста