Антикор Алматы-Қорғас трассасында қопарылған жолды тексеруге арнайы барды

Антикор Алматы-Қорғас трассасында қопарылған жолды тексеруге арнайы барды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент өкілдері Алматы-Қорғас трассасында қопарылған жолды тексеруге арнайы барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 
«Алматы-Қорғас тасжолының 190-шы шақырымындағы жолдың көтерілуіне байланысты арнайы келдік. Қазір жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жол 2017 жылы тапсырылған. Біз жолдың жобалық-сметалық құжаттарын толықтай тексереміз», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Бекенов.
Департамент басшысы бірінші орынбасарының айтуынша, жолдағы бетондарды байланыстыратын біріктіргіштердің арақашықтығы тым алшақ.

«Алматы облысынан басқа да ауа райы ыстық елдер бар. Қарапайым мысал ретінде Дубайды алайық. Ондағы жолдарда мұндай проблема жоқ. Мұнда бетон біріктіргіштер 500-600 метр сайын салынып отырған. Алайда, ол жеткіліксіз. Мысалы, жаңағы Дубайды алатын болсақ, ондағы арақашықтық - 80-100 метрден. Сондықтан, қысым болғандықтан ауа райының күрт ысуына байланысты бетон қозғалып жатыр. Қазір мұндағы жағдайды ҚазАвтоЖол өкілдері осылай деп түсіндіріп отыр», - дейді Нұрсұлтан Бекенов.
Айта кетейік, Алматы-Қорғас трассасында қопарылған жолдың видео әлеуметтік желіге жарияланған еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста