«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы сайлауалды штабының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алқалы жиынның шымылдығын ашқан қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Станислав Канкуров партия штабының аралық жұмысын қорытындылады.
«Сайлаудың өтуіне санаулы күндер қалды. Осы уақыт аралығында штаб мүшелері ауқымды жұмыстар жүргізді. Бүгінгі күнге 200 мыңнан астам адамды қамтыған 1000-ға жуық іс-шара өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 200-ден астам мақала, әлеуметтік желіде 71 мыңнан астам пост жарияланды. Бұл ретте партия мен штаб мүшелеріне нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтамын», — деді штаб жетекшісі С.Канкуров.
Сондай-ақ, штаб жетекшісі «AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттардың жұмысына мониторинг жүргізілгенін және де үміткерлердің белсенділігін тілге тиек етті.
Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Мейіржан Отыншиев қалалық партия ұйымдастырған барлық кездесулер еркін, ашық форматта өткенін, жиындардың санына емес, сапасына мән берілгенін, сайлауалды бағдарламаның халыққа түсінікті тілмен жеткізілгенін ерекше атап өтті.
Кездесу соңында Мейіржан Отыншиев саяси науқан барысында бірге жұмыс істеп, қолдау көрсетіп жүрген сенімді өкілдерге, штаб мүшелеріне және партия жақтастарына үгіт-насихаттың соңғы аптасында жұмысты жандандыру керектігін алға тартты.
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді