«AMANAT» ауыл шаруашылығын етжеңді бастамалармен іргелендірмек

«AMANAT» ауыл шаруашылығын етжеңді бастамалармен іргелендірмек

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Абзал Омарқұлов «Жер Ана» өндірістік ауылшаруашылық кооперативі ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Жетісу – аграрлы аймақ. Мұндағы тұрғындардың 56 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Дегенмен облыстағы барлық ауылшаруашылық техникаларының 65 пайызы, су шаруашылығы нысандарының 70 пайызы тозған. Сала мамандарының мәліметінше, атаулы сала бойынша жайылымдық жердің тапшылығы 700 мың гектарды құрап отыр. Осындай өзекті мәселелерді шешуге «AMANAT» партиясы «білек сыбанып» отыр. Себебі партияның мақсаты – өңірдің әлеуетін арттыру, әлеуметінің тұрмысын қолайлы ету. Міне, осындай өрелі әңгіме партияның Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Абзал Омарқұлов «Жер Ана» өндірістік ауылшаруашылық кооперативі ұжымымен кездесуде сөз болды.

Кандидаттың пайымынша, «AMANAT» партиясы өңірдің ауылшаруашылығын дамытуға жан-жақты бастамаларды жүзеге асырмақ. Біріншіден, техникаларды жаңалауға, егістік көлемін ұлғайтуға күш жұмылдырмақ.

«Партиямыз жан-жақты трансформацияланды. Біз құрғақ уәде мен құр сөзді тірлігімізге арқау етпейміз. Өйткені, иінімізде халықтың аманаты тұр. Халықтың аманаты – елді өркендету. Ал Қазақстанды өрісті, қуатты елге айналдыру үшін ауылды әлеуеттендіру қажет. Міне, осы бағытта партиямыз 2027 жылға дейін 600 дана ауылшаруашылық техникасын лизингке алуға, өңірдің басты бренді қант қызылшасы егілетін алқапты 12 мың гектарға ұлғайтуға, жаңадан 900 мың гектар жайылымдық жер енгізуге мұрындық болмақ», - А.Қасымұлы.
Үміткердің сөзінше, осындай ауқымды жұмыстар нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы жалпы ішкі өнім көлемі 1,3 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ «Жер Аманаты» жобасы аясында заңсыз берілген немесе пайдаланылмай жатқан жерлер толық мемлекет меншігіне қайтарылады.

«Ауылдардың әлеуетін көтеру үшін біз шағын және орта кәсіпкерлікке ден қойып отырмыз. Алдағы бес жылда атаулы салада жұмыспен қамтылғандар санын 130 мыңға жеткізуге атсалысамыз. ШОБ-ты қолдау арқылы облыс экономикасындағы осы саланың үлесін 42 пайызға жеткіземіз», - деді кандидат.
Кооператив ұжымы партияның мұндай етжеңді бастамаларына разылығын білдіріп, әрқашан «AMANAT» партиясының қолдаушысы боларын жеткізді.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста