Алтынбек Қоразбаев бұрынғы серіктесімен соттасып жатыр

Атақты сазгер Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ тағы да соттасып жатыр. Бұл жолы Қазақстанның халық әртісі жылжымайтын мүлігін даулап, бұрынғы бизнес серіктесін сотқа берген. Бүгін Әуезов аудандық сотында кезекті отырыс өтті. Алайда оған талапкердің өзі де, адвокаты да келмеді. Соған қарамастан сазгермен сұхбаттасудың сәті түсті.

Серіктесін сотқа сүйреп, мүлігін даулаған сазгер бүгінгі отырысқа өзі қатысқан жоқ. Алайда Алтынбек Қоразбаев "Мамыр ықшам ауданындағы жер телімі мен үш қабатты тұрғын үйімді Сырым Құлажанов есімді азамат алдап алып қойды" деп арыз жазған екен. Сондықтан сот арқылы даулы нысанды кері қайтарып алмақшы. Алайда жауап беруші тарап онымен келіспейді. "Себебі сазгермен кәсіпкер арасында заңды келісім-шарт жасалып, барлық төлемдер төленген", - дейді қорғаушылары.

Мина АМИРВАЛИЕВА, адвокат:

- Сатып алу-сату келісім-шартында ғимараттың құны 7 миллион 300 мың теңге деп көрсетілген. Бұл құжат 2011 жылы рәсімделді. Енді келіп талапкер ешқандай да ақша алған жоқпын дейді. Бізде барлық құжаттары бар.

Ал сазгер өз мүлкін ақшаға сатпағанын айтады. Тек кәсіпкермен келісіп, орнына басқа жерден өнер мектебін салып беруге уағдаласыпты. "Алайда үш қабатты білім ошағы сапасыз салынды", - дейді. Сондықтан Қазақконцерт басшысы сотқа шағымданған. Өйткені ақшасын даулайтын азамат өмірден өтіп кетіпті.

Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, «Қазақконцерт» АҚ директоры, сазгер:

- Құлажанов Сырым деген азамат бұдан бір жыл бұрын қайтыс болып кетті. Мен содан кейін сотқа беруге мәжбүр болдым. Өйткені отбасымның бар қарап отырғаны сол кішкене ғана өнер мектебі болатын. Сол мектеп берілмей қалды. Күтіп отырғанымызға төрт жыл. Сол уақытта мен қанша шәкірт тәрбиелейтін едім. Соған жаңағы кісілердің жанұясы кінәлі.

Бұл даудың басталғанына бір жылдан асқан. Алайда кәсіпкердің беймезгіл бақилық болуына байланысты біраз тоқтатылған. Қазір қайта жалғасып, азаматтық іс сотта қаралып жатыр. Онда кімнің жеңіске жететіні белгісіз. Себебі келесі отырыс алдағы жұмаға белгіленді.

Диас Нұрақын

Алматы

tv7.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста