Адамның асыл қасиеттерінің бірі – қайырымдылық болып саналады. Дегенмен, заманның озығы мен тозығы қатар жүреді демекші қайырымдылық та сол кемшіліктерімен күресіп, жақсылықтың қашанда салтанат құратынын алға тартады. Оның бір дәлелі мейірімін өзінен бөлек, өзгелермен де бөліскен жандардың әлі де баршылығын танытатын «Алтын Жүрек» сыйлығы.
Қазақстанда тоғыз жыл қатарынан өткізіліп отырған Қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығы арамыздағы алтын жүректі адамдарды іздеп тауып, жыл сайын марапаттап отырады. Орта Азиядағы ең тұңғыш, әрі ең беделді «Алтын Жүрек» сыйлығы 2007 жылдан бері еліміздегі талай қайырымды адамдардың игі істерін насихаттап, жақсылығын жақтады.
«Бауыржан» қайырымдылық қорының сыйлықты ұйымдастырудағы мақсаттарының бірі қоғам мәселелеріне көз жұма қарамай, көпшілікке көмек қолын соза білген адамдардың қайырмылдылық істерін үлгі ете отыра, сондай мейірімді жандардың қатарын көбейту болатын. Қуантарлығы қатысушылар саны жылдан жылға азайған емес, керісінше көбейіп алтын жүректі адамдар қатары көбейіп келеді. «Алтын Жүрек» атануға жеке тұлғалардан бөлек, заңды тұлғалар да атсалысып, қайырымдылық шараларын өткізе алады. Заңды тұлғалар дегеніміз қатысуда белсенділігі артып келе жатқан кәсіпорындар мен фирмалар. Бүгінде біршама мекемелер қайырымдылық түсінігін басқаша көзқараспен қабылдап, жеткілікті табыс табатын адамның күнделікті өмір дағдысының бір бөлігіне айналды. Бір айта кетер ерекшелігі жалғыз іспен тоқатап қалмай жылдан-жылға жақсы істер жасауды көбейтіп, әр кезекті «Алтын жүрек» сайысына бір емес, бірнеше рет қатысып жатады. Осы орайда «Халық банк», «BI Group», «Mary Kay» ұйымдарын атап өтуге болады.
Жақсылыққа жаны құмар елдің көңілінен шығып, халықтың орны бөлек ықыласына бөленіп жүрген Ұлттық-қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығы жылдан-жылға қайырымдылық саласына жаңашылдық енгізуден жалықпайды. Мәселен, ең алғаш өткізілгенде небәрі 3-ақ номинация: «Жетім балаларға қамқорлығы», «Мүгедек жандарға көрсеткен көмегі үшін» және «Қарт адамдарға көмек» бойынша марапаттаған болатын. Бүгінде сыйлықтың көлемі ұлғайып 11 номинацияға жетті. Айта кетерлік бір жайт «Алтын Жүректің» ерекшелігі орындалған қайырымдылық шаралары Қазақстан территориясында жүзеге асқан болуы керек. Алайда, ондай шараларды тек қазақстандықтар емес, Қазақстанда қызмет етіп, тұратын өзге ел азаматтары да қатыса алады. Сондықтан «Қазақстанның дамуына үлес қосқаны үшін» шетел азаматтарына берілетін номинациясы да қосылды. Әрине қайырымдылық тек жетімдер мен мүгедектерге ғана көмек-жәрдем тұрмайды. Сол үшін де «Алтын Жүрек» ұйымдастырушылары барлық саланы қамтып, білім, мәдениет, медицина, спортқа да арналған номинацияларды тағайындаған.
«Алтын жүрек» қазіргі қоғамда өз орнын таба білді деуге болады. Жыл сайын қазан айының 27-де өткізілетін салтанатты марапаттау рәсімінде келеген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, мемлекет және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен үлкен мерекелік шара ретінде өткізіледі. Осы уақытқа дейін «Алтын Жүрек» сыйлығының қайырымдылықты бірге насихаттаған белгілі тұлғалары ел есінде қалды. Ең алғашқы марапаттау рәсімінде негізгі қонағы болған белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовты айтсақ, кейінгі «Алтын Жүректе» біртуар бұл-бұл әнші Роза Бағланова қонағы болып қайтақан еді. Одан бөлек Майра Ілиясова, Аружан Сайн мәдениет саласында алтын жүректі адамдардың аздық етпейтінін көрсетті.
Ұйымдастырушылыр бір ай бұрын қатысушылардың сұранымдарын жинап, Қазақстанның әр түктпірінен мейірімді, алтын жүректі адамдарды жинайды. Ай көлемінде жинақталған сұранымдардан Қоғамдық және Сараптамалық Кеңес мүшелері әрбір номинацияға лайықты адамды әділ шешіп, тағайындайды. Биылғы құжаттарды қабылдау мерзімі 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. 2014 жылы сыйлыққа 130 сұранып қабылданып, 11-і номинант аталды. Осы жылы сұранымдар қабылдаудың аяқталуына екі апта уақыт қалса да, қатысушылар саны 100- жуықтады. Күнделікті ұйымдастырушылар комитетіне 10 шақты сұранып келіп, қатысуға ниетті адамдар табылып жатады.
Айта келе, әрине, қайырымды жандардың елімізде көптеп кездесетіні көңіл қуантады. Өткен ғасыр ғұламасы Әл-Фараби ойшылдың «Қайырымды қала тұрғындары» шығармасында айтып кеткендей мейірімді, бір біріне қамқор адамдары бар қоғам ғана бақытқа қол жеткізеді. Еліміз өркендеп, келешегі жарқын болуы үшін жақсы істер көп атқарылып, айтылса болашақ жарқын болады. Қайырымды болайық ағайын!!!
«Алтын Жүрек» - қайырымдылық жаршысы
Последние статьи автора