«Алтын Жүрек» атымтай жомарттарға іздеу салады

«Алтын Жүрек» ұлттық қо­ғам­дық сыйлығы осымен бес жыл мыңдаған игі істі көпшілікке паш етіп келеді. Бұл істі жал­ғас­ты­ру мақсатында «Алтын Жүрек» сыйлығының ұйым­дас­ты­ру алқасы Қазақстан бойынша қайырымдылық саласына еңбек сіңірген, көмекке зәру жандарға қолдау көрсеткен ұйымдар мен атымтай жомарттарға халық аты­нан алғыс айту мақсатында қайырымды жандарға іздеу салады. Ұйымдастыру комитеті өті­ніштерді қабылдау бастал­ға­нын жариялайды.
Жеңімпаздар келесі номинациялар бойын­ша анықталады:
1) «Жетім балаларға көрсеткен қам­қор­лығы үшін»;
2) «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін»;
3) «Мүгедек жандарға көрсеткен қам­қор­лығы үшін»;
4) «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін»;
5) «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін»;
6) «Жыл меценаты»;
7) «Ақпараттық қолдаушы»;
8) «Жылдың қайырымды адамы»;
9) «Жыл ұйымы»;
10) «Өнер және қайырымдылық»;
11) «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін».
Бесінші «Алтын Жүрек» ұлттық қо­ғам­дық сыйлығына қатысу үшін өтініш үлгісін www.altynzhurek.kz сайтынан немесе ofbf@mail.ru электронды поштасына ха­бар­ласып ала ала­сыз­дар. Өтініштер бір данада «Алтын Жүрек» белгісімен 050040, Алматы қ., әл-Фараби д-лы, 53В, Ж блогы, 48-кеңсе мекенжайына жеткізілуі немесе электронды поштаға жіберілуі тиіс. Толық ақпарат: 8 (727) 315-15-11, 315-40-84. «Алтын Жүрек» сый­лы­ғы­ның жеңімпаздары 2011 жылдың 27 қа­за­нында Абай атын­да­­ғы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық опе­ра және балет театрында ма­ра­пат­та­лад­ы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста