Алматының жаңа Наурызбай ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Алматының жаңа Наурызбай ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Алматының жаңа Наурызбай ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ХҚКО" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа ХҚКО-дан Алматының Наурызбай ауданының тұрғындары құжаттандыру бойынша қызметтермен қоса, барлық қажетті анықтамалар мен құжаттарды ала алады. Халыққа қызмет көрсету орталығы Ақжар ықшамауданы, Егінсу көшесі, 33 мекенжайы бойынша орналасқан және таңғы сағат 09.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

"Жаңа ХҚКО-да 50 инспектор жұмыс істейді, құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру үшін 20 жұмыс орны бар.
Сонымен қатар, қызметті алушылар үшін ыңғайлы жағдайлар жасауға аса көңіл бөлінген: ХҚКО жаңа жиһазбен жабдықталған, 30 автомобильге тұрақ бар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус қарастырылған, шақыру батырмасы жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің Наурызбай ауданының аумағын толығымен жоспарлау жобасын мақұлдағаны хабарланған болатын. "Таяудағы міндет - аудан тұрғындарының өздерін нағыз қалалықтар ретінде сезінулеріне қол жеткізу. Ол үшін бізге сапалы инфрақұрылымды дамыту қажет. Алдағы басты мақсат - Наурызбай ауданын Алматыдағы нағыз заманауи және жайлы ауданның біріне айналдыру, оған толық мүмкіндік бар, біз оны алғашқы қазығын қағудан бастап салудамыз", - деді Ахметжан Есімов.

kaz.tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста