Алматылықтарға Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен жүруге рұқсат етілді

Алматылықтарға Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен жүруге рұқсат етілді

Алматыда жүргізушілерге Райымбек даңғылындағы автобус жолағы арқылы өтуге рұқсат етіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 сәуірден бастап жүргізушілерге Райымбек даңғылы бойынша Саин көшесінен Ясауи көшесіне дейін жұмыс күндері сағат 20:00-ден 06:30-ға дейін жол учаскесінде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар бойынша жүруге рұқсат етіледі.

Демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық көлік уақыт шектеуінсіз жүре алады.

"Көлік қозғалысына осы жаңалықтың енгізілуі қала ішіндегі көлік легін тиімді құру үшін, сондай-ақ, қарбалас шақта және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тесті режимінде енгізіледі. Бөлінген жолақтар бойынша көлік құралдарының қозғалысын өзгерту 2023 жылдың соңына дейін күшінде болады. Содан соң салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады. Жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға тиіс", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бұл шара пилоттық жобаның екінші кезеңі саналады. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста